Облыс аудандарының қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы көңіл тоғайтарлықтай, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары тұрақты даму үстінде. Облыстық статистика департаменті берген биылғы жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында өңірімізде атқарылған жұмыстардың қорытындысы осыған саяды. Онда, атап айтқанда, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 193566,8 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндіргені айтылады. Сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің көлемі облыстың 6 ауданында – Сарысуда – 18,8, Байзақта – 8,9, Таласта – 6,8, Қордайда – 5, Жуалыда – 2,1, Т.Рысқұловта 0,1 пайызға өскені тіркеліп отыр. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 73502,5 миллион теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малының саны 15 мың, жылқы 5,9 мың, қой мен ешкі 48,3 мың, түйе 270 басқа көбейген. «Мұндай көрсеткішке негізінен жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары иеліктеріндегі мал есебінен қол жетті. Мүйізді ірі қара малы Тараз қаласында – 14,4, Қордай ауданында – 9,2, жылқы Шуда – 13, Сарысуда – 11,5, Тараз қаласында – 8,8, қой мен ешкі Байзақта – 3,3, Т.Рысқұлов ауданында – 0,2, түйе Т.Рысқұлов ауданында – 71,8, Талас ауданында 7,7 пайызға өскені байқалуда», деп хабарлайды департамент мамандары. Ет өндіру көлемі облыста өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 69 пайызға артқан. Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне (32,6 пайыз) Байзақ және Қордай (22,9 пайыз) аудандарының шаруашылықтары қол жеткізіп отыр. 2017 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 115844,4 миллион теңгені құрап, Тараз қаласында – 104,3, облыстың 7 ауданында – Жуалыда – 174,9, Жамбылда – 119,4, Мойынқұмда – 114,7, Шуда – 114, Қордайда – 110,1, Байзақта – 107,6, Таласта 103,2 пайызға өскені де ауыз толтыра айтарлық жетістік. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 242,6 мың шаршы метрді немесе 2016 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 145,7 пайызды құрап отыр. Тұрғын үй құрылысы Тараз қаласы мен облыстың 9 ауданында қарқынды жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын оңтайландыру бағытындағы жұмыстар да тұрақты назарда. Осы орайда тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы шілдеде маусымдағымен салыстырғанда 100,5 пайызды құрап, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,1, ақылы қызметтердің тарифтері 2 пайызға қымбаттап, азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға арзандағаны мәлім болып отыр. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша 2017 жылғы шілдеде 21668 теңгені құрап, 2016 жылғы желтоқсандағыдан 10,2 пайызға өскен. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда Тараз қаласында – 3,3, Жамбыл ауданында – 4,6, Жуалы мен Таласта – 4,1, Сарысуда – 4, Мойынқұмда – 3,6, Байзақта – 3,4, Т.Рысқұлов ауданында – 3,2, Қордайда – 2,8, Меркі, Шу аудандарында 1,5 пайызға кемігені тіркелген. Өңірдің қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы, міне, осындай.
«Ақ жол»-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді