Доминикан стратегиялық серіктес болуға талпынуда
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Доминикан Республикасының Ұлттық күніне арналған баспасөз-конференциясы барысында Доминикан Республикасының Үндістандағы елшісі Ханс Данинберг Доминикан Республикасы Қазақстанның Кариб теңізі мен Латын Америка аймағындағы стратегиялық серіктесі болуды жоспарлайтынын және елімізді Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде санайтындығын атап өтті.
«Жыл сайын Доминикан еліне саяхаттайтын қазақстандықтар саны артып келеді. Екі ел азаматтарының қолайлығы үшін «Эйр Астана» компаниясымен кедергісіз, тікелей рейспен ұшу туралы шарт жасастық. Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқанымызға қуаныштымыз, сондай-ақ Қазақстанның Кариб теңізі мен Латын Америка аймағындағы стратегиялық серіктесі болуды қалаймыз және Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде санаймыз. Еліміз 2019 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға ұмтылады. Егер жеңіске жетсек, Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқарамыз. Көмірсутек саласындағы Қазақстанның тәжірибесі біз үшін маңызды болатындығына кәміл сенемін», – деп мәлімдеді Ханс Данненберг.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев осындай ауқымды көрмені өткізу халықаралық қауымдастықтың бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асып жатқанын атап өтті.
«Доминикан Республикасы Үкіметі басымдылығының бірі болып саналатын баламалы энергетика ресурстарының дамуын ескерсек, жаңартылатын энергия көздері және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы Қазақ-Доминикан қарым-қатынастарының нығаю әлеуеті зор. Доминикан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосады» – деп атап өтті Ерлан Ашықбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді