«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ашық аспан астындағы ән-күй мен би

Ашық аспан астындағы ән-күй мен би
ашық дереккөз
Ашық аспан астындағы ән-күй мен би

«Төрткүл» керуен сарайында Сарысу, Жуалы аудандарының керемет өнер кеші өтті

Елорда төрінде сән-салтанатымен өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барша қазақстандықтардың елеулі мерекесіне айналуда. Асқақ Астанамыздың арайлы ажарымен Отанымыздың бүгінгідей гүлденген келбетін танытқан дүбірлі думанды лайықты түрде атап өтуге еліміздің барлық өңірі де барынша атсалысуда. Оған бас қаламыздағы кезекпен жалауы желбіреп отырған әр облыс күндерінің жоғары деңгейде өрбуін айтсақ та болады. Без-имени-12 Без-имени-13Сол сияқты тарихы тереңнен тамыр алатын киелі Тараз төрінде де халықаралық көрмеге байланысты шат-шадыманға толы шаралар қала қонақтары мен тұрғындарының көңіліне көрік сыйлауда. Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Төрткүл» керуен сарайында салтанатқа толы мерекелік бағдарламалар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Өткен аптаның бейсенбі, жұма күндері Сарысу, Жуалы аудандары тарихи нысан аумағында тамаша кеш өткізіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашық аспан астында алғашқы күні өткен «Елі дархан, жері байтақ – Сарысу» атты мерекелік шара аталмыш аудан өнерпаздарының талантын танытып, өнерін ортаға салуға мүмкіндік берді. «Ел іші – өнер кеніші» бейнелеу және қолөнер шеберлерінің көрмесі де көптің көңілінен шықты. Көрмеге қойылған «Туған жер», «Туған ел», «Отан» және өзге де тақырыптағы картиналар, сарысулық шеберлер мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар жұртшылықтың қызығушылығын оятып, сұранысына ие болды. Ал концерттік бағдарламада қасиетті қара домбырадан төгілген қоңыр күй мен әуелеген әсем әндер, ұлттық нақыштағы әдемі билер үлкен қошеметке ие болды. Әсіресе, «Өрлеу» фольклорлық және вокалды аспаптар ансамбльдерінің, «Айжанқыз» халықтық би ұжымының, дәстүрлі ән орындаушыларының өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жұма күні жер жәннаты – Жуалы атанып, облысымыздың оңтүстік-батысында орналасқан ауданның думанды шарасы да «Төрткүл» керуен сарайын сұлу сазбен, көркем би-күймен көмкерді. Атақты жуалылық «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамблінің орындауындағы әсем әндер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып, аудандық халық театры әртістерінің сомдаған «Ақ орамал» композияциясы жиналғандарды тебірентті.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар