«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ШӨП НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ

ШӨП НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ
ашық дереккөз
ШӨП НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Жақсымбетовтің айтуынша, биыл 101 мың тонна шөп дайындау жоспарланған. Әзірге оның 61 мың тоннасы дайындалып, қыстауларға жеткізілген. Шөп шабу науқаны басталғалы шабындыққа орақ салған «Үркер», «Аяулым», «Жарылқасын», «Айқын», «Ерасыл», «Дарын» шаруа қожалықтары уақытпен санаспай, еңбек көркін қыздыруда. Мұның ішіндегі «Үркер» – аудандағы ең ірі қожалықтың бірі. Бәкір Исабеков жетекшілік ететін шаруа қожалығының иелігінде 2 мың гектар шабындық жер бар. Оның 1200 гектарының шөбі шабылды. Науқан басталғалы мұнда 15 адам қарқынды жұмыс істеуде. Науқанға 6 трактор, 5 шөп тайлағыш, 1 тырма, жұмылдырылған. Бүгінге дейін шаруа қожалық жеке қыстауына 400 тонна, көршілес ауылдық округтердің әрқайсысына 100-120 тоннадан қыстық мал азығын даярлап үлгерген. Техникасы жоқ шаруа қожалықтар мен ауыл тұрғындарының дені шөп сатып алуға мәжбүр. Үркерліктер бір орама шөптің бағасын былтырғы бағамен, яғни 1800-2000 теңгеден өткеріп жатыр. Сонымен бірге ауданда жоңышқа да орылуда. Күні бүгінге дейін 8800 тонна жоңышқа орылып, жиналған. Бұған аудан бойынша 118 техника, 201 адам, 28 бригада жұмылдырылыпты. 75406 гектар шабындықтың 49145 гектарынан шөп жинап үлгерген мойынқұмдық шаруалар алдағы қыс маусымына тиянақты дайындалуда.

Уалихан Жайлау, «Ақ жол».

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар