Экономика
Қазақстан ақбөкеннің еті мен мүйізін сатудан мол табысқа кенелмек
- author «Ақ жол»
- 15 маусым, 2014
- 185
Қазақстан ақбөкеннің еті мен мүйізін сатудан мол табысқа кенелмек
Қазақстан ақбөкеннің еті мен мүйізін сатып, мол табысқа кенеледі. Қоршаған орта министрінің айтуынша, елімізде киіктердің саны соңғы кезде еселеп артуда.
Тіпті сирек кездесетін жануарды әлемдік нарыққа шығаратын уақыт та жақындап қалыпты.
"Уақыты келгенде, ақбөкендерді бизнеске айналдыруға болады. Өйткені киіктерді қорғауға бағытталған бағдарламаның нәтижесі өте жоғары. Егер 2004-2005 жылдары ақбөкен 30 мыңға дейін азайып кетсе, қазір бұл жануардың саны 256 мың. Мамандардың айтуынша, 5-10 жылда олар жарты миллионға жетеді. Сол кезде сатуға да болады", - дейді қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
Осылайша Қаппаров 20 жылдан бері "ақбөкендер азайып барады" деп шырылдап жүргендердің сөзін бүгін жоққа шығарды. Министрдің оптимизмге толы мәліметіне сенсек, кезінде 2 миллионға жуық киік жосыған Бетбақдала өте жақын уақытта қайта қалпына келеді.
Бірақ табиғат қаскөйлері "Қызыл кітапқа" енген бұл жануарды атуды бір сәтке де тоқтатқан емес. Қазір аңшылар үшін киіктің етіне қарағанда мүйізі бағалы және оңай олжа. Өйткені Ақбөкеннің мүйізінен Қытайда түрлі дәрі-дәрмек дайындайды. Мамандардың айтуынша, оның бір келісі 5-6 мың доллар тұрады.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді