ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 283 млн еуро бөлу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясы 155 сессиясының қорытындысы бойынша баспасөз конференцияда "Астана Экспо-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"ЭКСПО -2017 көрмесіне тікелей кететін шығындарды біз есептедік, бұл біздегі тіркеу құжаттамасында көрсетілген 283 млн еуро, былайша айтқанда операциялық шығындар. Табысты ЭКСПО пунктерінің бірі –операциялық шығындарға жұмсағалы отырған 283 млн еуроның қайтарылуы. Бұл көрмені табысты өткізу пунктерінің бірі. Сол себепті біз жұмсағалы отырған 283 млн еуроны қайтарып алмақпыз. Бұл республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат, ал оны қайтару бойынша көптеген баптар бар", - деді Ермегияев.
Оның айтуынша, баптар демеушілік, коммерциялық қызметтерді тұспалдайды. Талғат Ермегияев компанияның 283 млн еуроны толығымен мемлекетке қайтаратынын атап өтті.
Ақпарат көзі: nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді