- Advertisement -

Аса ауылында үш қабат ты тұрғын үй бой көтеріп келеді

72

- Advertisement -

_DSC8358Аудан орталығы Аса ауылының тұрғындарының саны бүгінде 11974-ке жеткен. Мұнда 287 адам пәтер кезегінде тұрса, тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке тіркелгендердің саны – 1202. Асадағы тұрғын үйлердің 13-і үш қабатты болса, біреуі бес қабаттан тұрады. Жылдан-жылға адам саны артып келе жатқан ауылдың шығыс жақ бетіндегі «Бәйтерек» тұрғын алқабынан биыл көп қабатты бірнеше үй салынатыны жайлы жағымды жаңалық жұрт ішінде желдей ескенде, асалықтардың қуанышында шек болмаған еді. Әйтсе де, бүгінде жұрт айтып жүргендей, көп қабатты он үй бірден бой көтермесе де, біреуінің құрылысы басталып кетіпті. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің маманы Болат Бабашовтың айтуынша, әзірге 3 қабатты бір ғана үй салынбақшы. 18 пәтерлі аталған тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 144 миллион 468 мың теңгеге келісімшарт жасалыпты.
– Осы қаражаттың 130 миллион 210 мың теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны облыстық бюджет есебінен бөлінді. Нысанның қазығы мамыр айында қағылған, келісімшарт бойынша құрылыс жұмысы алдағы желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Техникалық қадағалау жұмыстарын «КДК Инжинирг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде, – дейді Б. Бабашов.
Жалпы, «Бином» ЖШС құрылысқа темір бетон бұйымдарын жасап шығаратын «Бином-Строй Деталь» үй салу комбинатының өндірген өнімдерін пайдаланады. Қазіргі салып жатқан үй – панельді үй. Құрылыс-монтаж жұмыстары біткен соң мұнда шатырын жабатын басқа бригада келеді. Одан кейінгі ішкі әрлеу жұмысын келесі бригада жүргізеді екен.
Құрылысқа тартылған құрылысшылардың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болып шықты. Ауыл іргесінде жүріп жатқан құрылыста еңбек етуге ықылас білдіргендер баршылық екен. Серіктестік алдағы уақытта жұмыс ауқымы ұлғайып жатса, асалықтардың бұл тірлігін құптап, жұмысшылардың қатарын осы жерден толықтыруды көздейді.

Нұрым Сырғабаев,
журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support