Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық науқаны аясында барлық өңірлерде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу әрі айналаны күл-қоқыстан арылту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осынау айналаны көріктендіру жұмыстары шалғайдағы Шу ауданында да қолға алынып, жергілікті тұрғындар туған өлкесін абаттандыруға күш салуда. Бұл жолы аталған акцияны Amanat партиясының Шу аудандық филиалы ұйымдастырды. Жалпы, тоғыз жолдың торабында орналасқан өлкедегі тазалық жұмыстарына аудан және ауыл жастары,еріктілер мен түрлі мекеме қызметкерлерінен құралған бас-аяғы 50 адам қатысты.
– Туған елінің көркеюіне тамшыдай үлес қосу – әркімнің перзенттік парызы. Осы себепті, экологиялық акцияға жалынды жастарды көптеп тартуға тырыстық. Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, айналаны абаттандыру – мемлекеттік маңызды іс. Біз, жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдаймыз. Осынау науқан аясында еңбек дәстүрі дәріптеліп, ұрпақтар сабақтастығы сәтті жалғасын табуда, – дейді «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Нұрзат Қилыбай.
Айта кетейік, аталған акция барысында Меркі-Бурылбайтал республикалық тасжолының бойындағы екі шақырымға жуық жерді күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




