Игілікті іске аудан тұрғындары мен жастар атсалысып, белсенділік танытты. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен бастаманың маңыздылығы туралы аталған мекеме басшысы Жандар Тоқсаба айтып өтті.
– Еліміз ластанған елдер индексі бойынша 111 елдің ішінде 30-орынға тұрақтаған. Ал, ТМД елдері бойынша Әзірбайжаннан кейін екінші орынға шықты. Бұл бейжай қарайтын мәселе емес. Мемлекет басшысы да биыл ШЫҰның төрағалығы аясында экология жайлы айрықша атап өткен болатын. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылып келеді. Акция аясында біз де бір күнімізді көліксіз жүруге арнадық. Темір тұлпар технократтық дәуірдің бөлінбес бөлшегі десек те, ара-тұра жаяу жүру адам денсаулығына да оң ықпал етеді. Сол арқылы қаншама адам ғаламшарымызды бір күндік қауіптен сақтап қалады, – деді Жандар Жамбылұлы.
Айта кету керек, еліміздің бірқатар қалаларында да «Автокөліксіз күн» челленджі өтіп, оған мыңдаған адам қатысты. Жалпы, мұндай акциялар өткізу тәжірибесі мол әлем елдерінде жиі қолдау тауып, тұрақты жүргізіліп тұрады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




