«Қаратау сарыны»
Музыкалық фестивалі «TURKSOY-1»-дің қолдауымен өтеді.
Өңіріміздің өнері мен мәдениетін паш етіп, әсіресе, теріскейді тербеген алуан сарын, саз иірімдерін ортақ бір арнада тоғыстыруға бағытталған халықаралық II дәстүрлі музыка фестивалі қарт Қаратау төрінде, Тараз жерінде 23-24 маусым күндері өтеді деп күтілуде.
Мәдениет министрлігінің келісімімен, облыс әкімдігі мен халықаралық «TURKSOY-1» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының қолдауымен бұл іс-шараның жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Оның былтыр Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы аясындағы тұсаукесер өткізілімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықтың зор қошеметіне ие болғаны белгілі. Фестиваль бағдарламасында биыл да жамбылдық танымал әншілер ұжымының көпшілікпен бірге бір мезгілде он халық әнін орындау салтанаты қарастырылып отыр. Гала-концертте қазақстандық және шетелдік дәстүрлі өнер шеберлері өнер көрсетпек.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




