Қазақстан Австрияға Рахат Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге қатысы бар екенін дәлелдейтін құжаттарды жолдады.
Бұл құжатты Австрияның құқық қорғау органдарына Алматы облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар екенін анықтағаннан кейін жолдаған. Айта кетейік, Рахат Әлиев бұдан бөлек, мемлекеттік қарулы төңкеріс жасамақшы болды деген айыппен, сырттай 40 жылға сотталған болатын. 5 маусымда ол Венада ұсталып, қамау мерзімін 20 маусымға дейін ұзартты. Ал, Австрия үкіметі Венада қамауға алынған Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің адвокаттарынан өтініш түссе де, оны кепілдікпен босатпайды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Австрия астанасы прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) мәлімдеді. «Кепілдік енгізу кісі өлімі істері туралы Австрияның процессуальды заңнамаларымен қарастырылмаған», – деп мәлімдеді прокуратура өкілі. Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




