Әншілердің тартуы
Облыстық филармония өнерпаздары Елорда мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алды. Олар еліміздің Тұңғыш Президенті саябағында «Астанаға тарту» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
Жиналғандарды облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Жандос Омаров құттықтап, Елорданың жайнап, жақсара беруіне тілектестік білдірді.
Мұнан соң «Ақкербез» би ансамблі «Шаттық» биімен концертті бастап кетті. «Алатау» фольклорлық ансамблі орындаған «Көрұғлы», «Қолбасшы» күйлері көпшілікті желпіндіріп, әдемі әсерге бөледі. Аталған ансамбльдің сүйемелдеуімен Әділет Әбдікерімов орындаған халық әні «Бір бала» шығармалары да жұрттың көңілін көкке көтерді.
Бұдан кейін өнер көрсеткен «Кәусар» вокалдық ансамблінің өнері де жиналған жұртты тәнті етті. Олардың орындауындағы халық әндері «Илигай», «Керімау-айдай», Абайдың әндері «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» секілді туындылар да жүректерге жетті.
Филармонияның әншілері Әділхан Жексенбаев, Жұлдыз Өксікбаева, Индира Хамзина ерекше дауыстарымен көрермендерді баурап алды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




