Мың бұрала би биледі
Астана күні мерекесіне орай «Ән-жырым саған, Астана!» фестивалінің аясында Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен би топтары арасында қалалық байқау өткізілді. Шараға 4 би тобы қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Байқаудың ашылу салтанатында «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Исатай сөз сөйлеп, еліміздің мақтанышына айналған, дәулетіне сәулеті сай бас шаһарымыз күн санап көркейіп келе жатқанын, әлем таныған «бейбітшілік қаласының» әлі талай жаңғыруды бастан өткеріп, гүлдене беретіндігін айтып өтті.
Байқауға қатысқан топтар алдымен әр ұлттың билерін билеп сынға түссе, «би думан» аталған екінші кезеңде еркін таңдаған билерін мың бұрала биледі. Қатысушылардың өнерін хореограф мамандар бағалап, қорытынды шыққан сәтте кеткен кемшіліктер мен көрсеткен басымдықтарын саралап айтып берді. Өнер аламанының қорытындысында «Баян сұлу» бишілер тобы жеңімпаз деп танылса, «Ақ тілек» бишілер тобы жүлделі екінші орынға иелік етті. Ал үшінші орын «Шынар» бишілер тобына бұйырды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




