Малайзияның Malaysia Airlines ұлттық әуе компаниясының сақтандырушысы үш ай бұрын жоғалған Boeing 777 жолаушыларының отбасыларына апат туралы ақпараттың әлі толық анықталмағанына қарамастан алдын-ала өтемақы төлей бастады, деп хабарлады РИА Новости.
50 мың доллар көлеміндегі өтемақыға алты малайзиялық және бір қытайлық отбасы ие болды, деп хабарлады жұма күні Straits Times сингапурлік газеті. Жоғалғандардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету бойынша комитетті басқаратын әмірліктің сыртқы істер министрі Хамза Зайнудин мұндай төлемдер барлық жоғалған 239 жолаушы мен экипаж мүшелерінің отбасыларына төленбек. Еске сала кетейік, Куала-Лумпурден Бейжіңге МН370 рейсімен шыққан Boeing 777-200 әуе лайнері 227 жолаушысы және бортындағы 12 экипаж мүшесімен 8 наурызға қараған түні радар экранынан жоғалды. Болжам бойынша, жолаушылардың бәрі де қаза болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




