Ақмола облысында биылғы жылдың аяғына дейін бие сүтінен балалар тағамы жасалатын зауыт пен ферма іске қосылады. Қазақ тамақтану академиясы арнайы азық-түлік биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявскийдің айтуынша, бұл жобаға отандық бизнес қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда ғалымдар иммунитет көтеретін азықтар – паста тәрізді ірімшік, сүтті шырындар, балалар тағамдарын жасау жобасымен айналысуда. Бұл тағамдар мектеп, аурухана, мектеп алды мекемелеріне жеткізілетін болады. Жаңа технология бойынша аса термиялық өңдеуден өткізілмейтін құрғақ қоспалар жасап шығару да жоспарда бар. Бұған дейін бие сүтінен жасалған йогурт Алматыдағы туберкулез институтында клиникалық тексеруден сәтті өткен. 50 науқастың тағамына бие сүтінен жасалған йогурт қосқан соң, олардың қан құрамының көрсеткіші жақсарып, иммунитеті көтерілген. Бұл йогурт та бие сүті қосылған балалар тағамы секілді Ақмола облысындағы зауытта өндірілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




