Бюджет қаржысы қайта қаралды
«Әулиеата» әуежайын қайта құру жұмыстарын дер кезінде аяқтау үшін оның басшылығына 300 миллион теңге көлемінде қысқа мерзімге несие беріледі. Облыстық бюджет есебінен қаралатын қаражат «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясында хабарлама жасаған облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әлімханов айтты.
Облыс әкімі К. Көкірекбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері, жергілікті мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан сессияның күн тәртібінде «Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 «2014-2016 аралығындағы жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. – Бюджетті нақтылау барысында оның негізгі параметрлері өзгеріссіз қалып отыр. Облыс бюджетінің кіріс бөлігі ұлғайтылған жоқ. Сәйкесінше қосымша шығындарға жұмсалатын қаржы ағымдағы шығыстарды оңтайландыру есебінен жүргізілді, – деді Ж. Әлімханов өз хабарламасында. Сонымен 2014 жылға арналған бюджетте бірқатар бағыттарға қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында облыс әкімінің бастамасымен көтеріліп отырған «Көне Тараз» тарихи мәдени орталығын іске асыру үшін оған жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 78 миллион, Меркі ауданының орталығынан медициналық пункттің құрылысын бастауға 30 миллион, жаңадан құрылған «Достық» үйіне автокөлік пен басқа құралдар алып беруге 10,5 миллион, Сарысу ауданы тұрғындарының сұранысына сәйкес, Жаңатас -Тараз бағытындағы темір жол қатынасына қосымша бір вагон қосу үшін 17,2 миллион теңге бөлу көзделуде. Жаңа өзгерістердің қатарында бұдан өзге де Тараз қаласындағы жаңа тұрғын үй иіндеріне электр энергиясын және жылу жүйесін жүргізуге, қазақ драма театрының ішкі жылу жүйелерін жөндеуден өткізу сияқты жұмыстарға қаржы бөлу қарастырылған. Депутаттар мәслихат сессиясында қаралған осы және өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдады.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Тұрғын үй бағасы тиімді ме?
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді