Қарлығаш АРАЛБЕКОВА, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.
Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл басында жариялаған Жолдауында: «Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді» деп атап көрсеткені белгілі. Мемлекет тарапынан экономиканы қолдауға көрсетіліп жатқан қамқорлықты жамбылдықтар да шынайы сезінуде. Бүгінде өңірде экономиканың қай түрінде болмасын өрлеу, өсу бар. Елбасы айтқандай, болашақта біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы бірінші басымдыққа ие болып отыр. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек екені де Жолдауда айқын көрініс тапқаны мәлім. Бұл бағытта өңірде қолға алынып жатқан ауқымды жобалар бар. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы – 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша, жалпы құны 512,9 миллиард теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5825 фжәне іске қосылу кезеңінде 5477 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда. Олардын ішінде жалпы құны 356,5 миллиард теңгені құрайтын Қаратау қаласындағы «ЕвроХим-Удобрение» ЖШС-ның минералды тыңайтқыштарды өндіретін химия зауытының құрылысы инвестициялық жобасы республикалық карта бойынша іске асырылуда. Іске қосылу кезеңінде 2000 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде. 2015 жылы жалпы құны 30,5 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 425 жаңа жұмыс орны ашылса, былтыр жалпы құны 20,5 миллиард теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба ел игілігіне айналып, 446 адам жұмысқа тартылды. Жолдауда алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойылып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет екені атап көрсетілген. Елбасы: «Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады» – деді. Бұл – Үкіметпен қатар, басшылық қызметте жүрген барлық азаматтарға жүктелген үлкен міндет. Сондықтан барлығымыздың тынымсыз еңбек етуімізге тура келеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша облыста биыл 15,1 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асырып, 1340 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бүгінге дейін Байзақ ауданында «Рола-Ян» ЖШС құны 285 миллион теңгені құрайтын, жылдық қуаттылығы 9 мың тонна өнім өндіруге есептелінген «Макарон цехын қайта жаңғырту» жобасын іске қосты. Сөйтіп, мұнда 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Қордай ауданында «Первомайские деликатесы» ЖШС «Шұжық өндіретін цехын қайта жаңғырту» жобасын жүзеге асырды. Жылына 3 мың тонна өнім шығаратын цехтың жобалық құны 223 миллион теңгені құрайды. Мұнда қазіргі таңда 70 адам еңбек етуде. «Қаратау ПРО» ЖШС «Мәрмәр толтырғышын өндіретін зауыт құрылысы» жобасын қолға алған-ды. 1 946,0 миллион теңгені құрайтын ауқымды жоба Талас ауданында іске қосылды. Ол жылына 110 мың тонна өнім өндіру қуаттылығына ие. Бүгінде 68 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұлардың қатарында «AIina HoIding» ЖШС (AIina TarazPro) «Құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс өндіретін зауыттар кешені жобасы да бар. Жобаның құны 3900 миллион теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы 140 мың тонна өнім өндіруге арналған. Мұнда 105 адам жұмысқа тартылды. Мемлекет қолдауының нәтижесінде жер қойнауының телімдері конкурссыз пайдалануға берілді. Жобалардың сапалы әрі уақтылы пайдалануға берілуі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Біз де басқарма тарапынан бір жылда, жартыжылдықта немесе бір тоқсан ішінде іске қосылуы тиіс жобалардың құрылыс жұмыстарын тұрақты назарда ұстап, белгіленген мерзімінде іске қосылуын қадағалаймыз. Алдағы уақытта да өндірістің өндірімділік қуаттылығы, межеленген мерзімінде пайдалануға берілуі, жаңа өндіріс орнының жобаға қаншалықты сай екендігі ұдайы назарымызда болады. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді