Биыл көктемде көктен ылғал мол түсті. Шөп дегенің ырғын. Бүгінде берекені көктен тілейтін шаруа қауымы көп жылдық шөп пен пішен алқаптарында еңбек көрігін қыздыруда. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, мал азығын дайындау үшін облыс бойынша 483865 гектар алқаптан шөп шабу жоспарланған. Оның 137899 гектары көп жылдық шөп. Қазірге дейін 58025 гектар жоңышқалыққа шалғы түскен. Байзақтық шаруалар 18190 гектар көп жылдық шөп алқабының 9850 гектарына шалғы салса, жамбылдықтар 16800 гектар алқаптың 8500 гектарынан өнім жинап, орылуы тиіс алқаптың 33,7 пайыздық көлемін еңсеріп, көш бастауда. Жуалылықтардың да қарқыны жоғары. Ауданда 28610 гектар жоңышқалықтың 8000 гектарын орып, жинап алыпты. Меркі және Шу аудандарының да аяқ алысы жаман емес. Облыс бойынша үстіміздегі жылы 1 402600 тонна пішен дайындау жоспарланса, қазірге дейін оның 177215 тоннасы, яғни 12,6 пайызы дайындалған. Сондай-ақ 254400 тонна сүрлем және 496320 тонна пішендеме дайындау көзделіп отыр.
Амангелді Әбіл, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді