Елордада қырғыз суретшісінің жеке көрмесі ашылды
Астанада белгілі қырғыз суретшісі Диас Үстеміровтың «Көшпендінің жаны мен қанаты» атты жеке көрмесі ашылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары маусым айының соңына дейін Д.Үстеміровтің 60-қа жуық туындыларымен таныса алады. Мәдени шара «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан «Шежіре» галереясында өтуде.
«Көшпенділер өркениетін екі нәрсе құрды - ол адам және пырақ. Меніңше, біз арғымақты қатты әспеттеуіміз керек, ол біздің қанатымыз, рухани әлеміміздің тұғыры», - дейді суретші.
Аталмыш шараға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, қазақстандық суретшілер мен Д.Үстеміровтің туған-туыстары мен достары келді.
«Ат тақырыбы көшпенділер үшін жақын. Бұл туындыларымда даланың, Азияның, түркі әлемінің рухы байқалады. Мен қазақ халқына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Мені жылы қарсы алып жатқандарыңызға қатты қуанып отырмын», - деп атап өтті ол.
Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультеті бойынша бітірген. Бүгінде оның туындылары АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия сынды көптеген мемлекеттерде жеке коллекцияларда сақталуда.
Көрме 30 маусымға дейін жалғаспақ.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді