М.Пшембаев: Шетелдік инвестициялар өнеркәсіп секторының дамуына жаңа серпін береді
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2014
- 717
Кеше Бурабайда екінші индустриялдық-инновациялық бесжылдықты іске асыруға шетелдік инвесторларды қатыстыру мәселелеріне арналған ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-отырысы өтті. Отырысқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Тартылған шетелдік инвестициялар Қазақстан экономикасының дамуына мүмкіндік береді. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында білдірді.
«Қазақстан шетелдік инвестицияларды тартудан Орта Азияда көш бастап тұр. Кеңесте Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИДМБ-1), сондай-ақ, ҮИИДМБ-2 (екінші бесжылдық – автор ескерт.) бағдарламасына назар аударылды. ҮИИДМБ-1 аясында 100 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Негізгі басымдық өңдеуші өнеркәсіпке берілді», - деді Мейрам Пшембаев. Сонымен қатар, төменгі палата депутаты Қазақстан шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын, оған «General Electric» компаниясының жұмысы дәлел бола алатынын айтты. «Қазір жүк магистральдық тепловоздары шығарылып жатыр. Кеше «General Electric» президенті енді компания жолаушылар тепловоздарын шығаратынын мәлімдеді», - деп толықтырды М.Пшембаев. Оның пікірінше, мұның бәрі Қазақстан экономикасын жаңа сапалы деңгейге шығаруды қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




