«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тиімді оқыту – ең үздік әдістеме

Тиімді оқыту –  ең үздік әдістеме
ашық дереккөз
Тиімді оқыту – ең үздік әдістеме

Өзгермелі қоғамда жаңа формация мұғалімі – педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлығын меңгерген, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл құзыретті тұлға болуы тиіс. Біздің біліктілікті арттыру институты ұстаздарға осындай талаптарға сай болу үшін әдістемелік қолдау көрсетеді. Институттың деңгейлік бағдарлама бойынша оқытатын үш деңгейлік курстарында әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген заманауи оқыту әдістемелер негізге алынған. Бұл курстарда үйретілетін тиімді оқыту бағдарламасын оқыту үдерісіне қолданудан күтілетін нәтиже –оқушылардың өз бетінше оқып-үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, алдына мақсат қоя білетін тұлға ретінде қалыптасуы. Жалпы, институт 2012 жылдан бастап өңіріміздегі педагогтерге 3(базалық) деңгейлік курс бағдарламасын меңгертіп келеді. Осылайша, оқыту мен оқу үдерісінің сапасын жақсартуда, мектеп тәжірибесін дамытуда, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіруде кең ауқымды жұмыстар атқаруда. Бүгінде екі мыңнан астам ұстаз өңірдегі білім беру ұйымдарында өз жұмысын жаңа форматта жүргізуде. Біз тиімді оқыту курсынан өткен мұғалімдермен байланысымызды үзбей, олардың үйренген жаңа әдістемелерді тәжірибеде қалай қолданып жатқанын бақылауда ұстаймыз. Осы арқылы сертификат алған мұғалімдердің білім беру үдерісін өзгертуге қаншалықты ықпал еткенін анықтап отырмыз. Педагогтерден алынған сауалнамадан сертификаты бар ұстаздар сабақта жаңа оқыту әдіс-тәсілдерін үздіксіз қолданатынын білдік. Олар оқушылардың бойында қалыптасқан жаңа іскерліктер мен дағдылар деңгейін жоғары деп белгілеген. Мектеп директорларынан алынған сауалнама қорытындысы да оң нәтиже көрсетті. 207 мектеп басшысы оқушылардың оқуға деген ынтасы жоғары десе, 200-і біліктілігін арттырған мұғалімдер сабақ беретін оқушыларда жаңа іскерлік қасиеттер мен дағдылар жоғарылады деп бағалаған. Біліктілігі жоғары педагогтер сабақ беретін сыныптарда шәкірттердің өмірге көзқарасы мен тәртібінде өзгеріс пайда болғанын көрсеткен. Атап айтсақ, енжар оқушылар сабақта мәселелерді шешуде белсенді бола бастаған, топтық жұмыс оқушылардың өз әрекеттеріне сенімділігін арттыра түскен. Балалар әлеуметтік бейімделіп, дербес зерттеу әрекетіне көшкен. Бұл тәрбие беру ісіне де оң әсер еткен. Ал ата-аналар білім беру үдерісі және балалардың оқыту үдерісіндегі өзара қарым-қатынасы қанағаттанарлық дәрежеде деп бағалап отыр. 1744-і балалары өз бетінше қосымша әдебиеттерді оқуға қызығушылығы артқанын, 1706-сы оқу нәтижелері жақсарғанын айтқан.

Айша Түлекова, мұғалім.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар