«ҚАЗАНШЫНЫҢ ЕРКІ БАР ҚАЙДАН ҚҰЛАҚ ШЫҒАРСА...»
Тұрғындарға мұрнын шүйіре қараған мердігер халықтың наразылығын тудыруда
Аудан орталығын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету баға тұрақсыздығының кесірінен тағы да тұралап қалды. Дәлірек айтқанда, 20 мыңнан аса тұрғыны бар аудан орталығы – Төле би ауылында жекелеген тұрғын үйлерге газ жеткізу мәселесі күннен-күнге күрделілене түсуде. Мердігер – «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталмыш ауылда 2014 жылы газ құбырларын жүргізу үшін тұрғындармен кездесу өткізіп, арнайы хаттама негізінде газ құбырларын 420 мың теңгеден орнатуға келіскен. Олардың айтуынша, өзге ауылдарда «көгілдір отынның» құбырын жүргізу жұмыстары 300-350 теңгенің көлемінде екен. Төле би ауылында осыншама қымбат болуының себебі газ құбырларының жер астымен жүргізілуіне қатысты болып отыр. Ал құбырды жер астымен жүргізудегі басты мақсат – тұрғын үйлер мен мекемелерге жеткізілер газ қысымының тиісті мөлшерін қамтамасыз ету. Нәтижесінде, оның қызығын көруге асыққан төлебиліктер төлемақының қымбаттығына қарамастан, мердігерге өз рұқсаттарын берген. Алайда, араға біраз уақыт салып компания газ құбырын жүргізудің бағасын 570 мыңға көтеріп тынды. Газ тарту құнының жылдан-жылға өсуін «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Нұрхожа Дүйсенбеков нарықтағы материал бағасының күрт қымбаттап кетуімен байланыстырып отыр. Мәселен, 2014 жылы 1 метрлік негізгі құбырдың бағасы 9,4 мың теңге болса, бүгінгі таңда ол 19,4 мың теңгеге өскен.
Үстіміздегі жылдың 12 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев ауыл тұрғындарының қатысуымен табиғи газдың бағасын төмендету туралы жиын өткізген болатын. Оған Алматыдан арнайы келген «Сетевые Технологий Ломар» ЖШС-ның басшылары Төле би ауылын газдандыруды өз қолына алып, газ құбырын 360 мың теңгеге жүргізе алатындықтарын жеткізген еді. Бірақ, «Париев» ЖШС ауылды газдандыруға бөлінген 1 миллиард 670 мың теңге қаржыны игеріп қойған. Ал алматылық мердігерлер аталған соманы өтеуге қауқарсыз екендіктерін айтады. Тұрғындардың өтінішін жан-жақты зерделеген Нұрлан Сегізбайұлы 1 миллиард 670 мың теңгені 4170 тұрғын үйге шаққандағы төлем бағасын нақты көрсетіп берді. Төле би ауылындағы көшелерге жүргізілген газ құбырларының қаржысы әр үй сайын 390 мың теңгеден айналса, Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі жоғары қысымды магистралды газ құбырының қаржысы әр үйге 60 мың теңгеден келеді екен. Оған қоса, көшеге жүргізілген газ құбырынан аула бойымен қосылу нүктесіне дейінгі қаржы сомасы 120 мың теңгені құрайды. Сонда газ құбырын орнатудың барлық төлем бағасының құны 570 мың теңгеге түспек. 2016 жылы «Париев» ЖШС қосымша құн салығын төлемейтін мекеме болғандықтан, бағаны 62 мың теңгеге арзандатып, қосылу құнын 508 мың теңгеге төмендеткен. Одан кейін облыстық бюджеттің есебінен Шу қаласынан Төле би ауылына дейін магистралды газ құбырын жүргізуге 251 миллион теңге бөлініп, тиісті құжаттар рәсімделгеннен соң, 60 мың теңгеге арзандайды. Ал бұған дейін газ орнатып қойған тұрғындарға 60 мың теңге қайтарылып беріледі де, жүйеге жаңадан қосылатын тұрғындар үшін 448,929 теңге болады.
Осылайша, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев бағаның шарықтау себебін тайға таңба басқандай етіп көрсетіп, мәселеге соңғы нүкте қойғандай болып еді. Десе де, газ жүргізуге жауапты мердігер мамыр айының 1-нен бастап құн салығы қайтадан төлене бастайтындығын желеу етіп, газ құбырын тарту бағасын 475 мың теңгеге көтеретінін айтады.
Бір қызығы, осыған дейін Шу қаласы мен Көкқайнар, Ескі-Шу, Жаңа жол, Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері және Қонаев ауылына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мердігерлері газ құбырын 310-350 мың теңге аралығында орнатып берген екен. Ал күн сайын құбылған төлемақы мәселесімен табан тоздырған төлебиліктердің жанайқайын еститін құлақ табылмай тұр.
Ал тұрғындар не дейді?
Мәкен Уақтегі, ауданның Құрметті азаматы:
– «Париев» ЖШС-ның басшылары халықтың айтқанына құлақ аспай, бағаны шарықтатып жіберді. Одан бөлек, шарықтаған бағаны халықтың төлей алмайтынына көздері жетіп тұрса да, ешқандай жеңілдіктің жасалмауы да тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Аталмыш мердігер Төле би ауылында өз жұмыстарын бастағандарына биыл 3 жылдан асты. Дегенмен, 20 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда осы уақытқа дейін «көгілдір отынға» қосылғандардың саны небәрі 87 үй ғана. Осы көрсеткіштен-ақ газ жеткізудің бағасы халыққа қолжетімді болмағанын аңғаруға болады. Ал жеңілдік жағына келер болсақ, 36 мыңнан аса тұрғыны бар көршілес Шу қаласында 4778 әлеуетті абоненттің бар болғаны 1762-сі ғана газға қосылғанын ескерген «ҚазТрансГазАймақ» мердігерлері тұрғындар үшін акция жариялап, қосылу құны 330 мың теңгені құрайтын келісімшарт негізінде алғашында 33 мың теңге ғана төлеп, қалғанын 11 ай ішінде ай сайын 27 мың теңгеден бөліп төлей алатындай жағдай жасап берді. Одан кейін, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев тұрғындардың газға қосылу мәселесі туралы аудан аумағында газ тарту жұмыстарын жүргізіп отырған мердігерлермен штаб отырысы өткізілгенін айтып, нәтижесінде төлем уақыты барлық тұрғындар үшін 1 жылға және 1000-ға жуық әлеуметтік осал топтардың 2 жылға бөліп төлеуіне мүмкіндік берілгендігін айтқан болатын. Алайда, «Париев» ЖШС директорының орынбасары Нұрхожа Дүйсенбеков бұл сөзді жоққа шығарып отыр.
– Нұрлыхан Бердиев, Төле би ауылының тұрғыны:
– Ауылымызды газдандыру мәселесі тұрғындарды қиын жағдайда қалдырып отыр. «Париев» ЖШС газ құбырларын орнатуға келісімдерін алу үшін тұрғындар арасында жиын өткізіп, қол жинаған деген де сөз бар. Бірақ, біз бұл жиыннан бейхабармыз. Халықтың 570 мың теңгені төлеуге шамасы жетпейтінін аңғару қиын емес қой. Тағы бір айта кетерлігі, газ құбырларын жер астымен жүргізу емес, керісінше, жер үстімен жүргізу қымбатқа түседі. Сондай-ақ, Шу қаласындағы жер астымен жүргізілген құбырлардың өлшемі біркелкі болса, бізде әртүрлі болып келеді. Сол себепті де, кейбір тұрғындарға газ қысымы аз мөлшерде беріліп, наразылығын білдіріп жатыр. Ал бізге құбырлар әртүрлі болса да, бағасын бірдей әрі қымбат етіп есептеп берді. Аудан әкімінің орынбасары берген мәліметке сүйенсек, газға қосылған үй ауласына қажетті құрылғылар орнатуға 55800 теңге жұмсалады екен. Оның ішінде, есептегіш құралды орнату 12500 теңге деп көрсетілген. Алайда, оның 35 мың теңгеден кемі жоқ.
Роза Ахмедиярова, Төле би ауылының тұрғыны:
– Ауданды газдандыру жұмыстары басталғалы Төле би ауылындағы газ мәселесі әлі күнге өз шешімін таппай келеді. Халықтың наразылығына қарамастан, баға шарықтап барады. Сайып келгенде Қазақстанның бірде-бір жерінде бұндай жоғары баға жоқ. Бұл туралы республикалық басылымдарға да жаздық, жергілікті билікке де арыздандық. Бірақ, жабулы қазан жабулы күйінде қалып тұр.
Бұл тұрғыдағы жергілікті биліктің пікірі қандай?
Нұрлан Жақсыбаев, аудан әкімінің орынбасары:
– Шу ауданында бүгінгі күнге дейін 18424 шақырым жерге, Шу қаласын қосқанда 10 елді мекенге газ тартылған. Ал аудан орталығы Төле би ауылындағы қалыптасқан жағдай бойынша мердігер «Париев» ЖШС басшыларымен кездесіп, жиын өткіздік. Алдағы уақытта баға тұрақтылығы сақталатын болады. Мамыр айынан бастап газ тартудың бағасы 475 мың теңгеге көтерілуіне жол бермейміз. Аудан басшысының өзі мердігер компанияға бағаны арзандатуды ұсынып отыр.
Зият Тұрсынұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
– «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан орталығы Төле би ауылына алғаш рет 2014 жылы келіп, ауыл әкімі Ербол Даберовпен және ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, арнайы келісімшарт негізінде өз жұмыстарын бастаған болатын. 2015 жылы Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі 11 шақырым жерге магистралды газ құбырын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 10 миллион теңге қаражат бөлінді. 2016 жылы оған түзетулер енгізіліп, 11 шақырымды құрайтын құбыр 8,5 шақырымға қысқартылғаннан кейін, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңды түрде қажетті қаржыны бөліп берді. Ал 2017 жылдың басында облыстық бюджеттен 251 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда ол қаржы аталмыш серіктестікке берілген. Сол себепті, мердігерлер тұрғындарға газ тартудың бағасын 508 мың теңгеден 448 мыңға төмендетті. Алайда, ауыл тұрғындары бұл бағаның да қолжетімді емес екенін айтып отыр.
Ерғали ҚАРТАЙҒАН,
«Ақ жол».
Шу ауданы.
Аудан орталығын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету баға тұрақсыздығының кесірінен тағы да тұралап қалды. Дәлірек айтқанда, 20 мыңнан аса тұрғыны бар аудан орталығы – Төле би ауылында жекелеген тұрғын үйлерге газ жеткізу мәселесі күннен-күнге күрделілене түсуде. Мердігер – «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталмыш ауылда 2014 жылы газ құбырларын жүргізу үшін тұрғындармен кездесу өткізіп, арнайы хаттама негізінде газ құбырларын 420 мың теңгеден орнатуға келіскен. Олардың айтуынша, өзге ауылдарда «көгілдір отынның» құбырын жүргізу жұмыстары 300-350 теңгенің көлемінде екен. Төле би ауылында осыншама қымбат болуының себебі газ құбырларының жер астымен жүргізілуіне қатысты болып отыр. Ал құбырды жер астымен жүргізудегі басты мақсат – тұрғын үйлер мен мекемелерге жеткізілер газ қысымының тиісті мөлшерін қамтамасыз ету. Нәтижесінде, оның қызығын көруге асыққан төлебиліктер төлемақының қымбаттығына қарамастан, мердігерге өз рұқсаттарын берген. Алайда, араға біраз уақыт салып компания газ құбырын жүргізудің бағасын 570 мыңға көтеріп тынды. Газ тарту құнының жылдан-жылға өсуін «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Нұрхожа Дүйсенбеков нарықтағы материал бағасының күрт қымбаттап кетуімен байланыстырып отыр. Мәселен, 2014 жылы 1 метрлік негізгі құбырдың бағасы 9,4 мың теңге болса, бүгінгі таңда ол 19,4 мың теңгеге өскен.Үстіміздегі жылдың 12 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев ауыл тұрғындарының қатысуымен табиғи газдың бағасын төмендету туралы жиын өткізген болатын. Оған Алматыдан арнайы келген «Сетевые Технологий Ломар» ЖШС-ның басшылары Төле би ауылын газдандыруды өз қолына алып, газ құбырын 360 мың теңгеге жүргізе алатындықтарын жеткізген еді. Бірақ, «Париев» ЖШС ауылды газдандыруға бөлінген 1 миллиард 670 мың теңге қаржыны игеріп қойған. Ал алматылық мердігерлер аталған соманы өтеуге қауқарсыз екендіктерін айтады. Тұрғындардың өтінішін жан-жақты зерделеген Нұрлан Сегізбайұлы 1 миллиард 670 мың теңгені 4170 тұрғын үйге шаққандағы төлем бағасын нақты көрсетіп берді. Төле би ауылындағы көшелерге жүргізілген газ құбырларының қаржысы әр үй сайын 390 мың теңгеден айналса, Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі жоғары қысымды магистралды газ құбырының қаржысы әр үйге 60 мың теңгеден келеді екен. Оған қоса, көшеге жүргізілген газ құбырынан аула бойымен қосылу нүктесіне дейінгі қаржы сомасы 120 мың теңгені құрайды. Сонда газ құбырын орнатудың барлық төлем бағасының құны 570 мың теңгеге түспек. 2016 жылы «Париев» ЖШС қосымша құн салығын төлемейтін мекеме болғандықтан, бағаны 62 мың теңгеге арзандатып, қосылу құнын 508 мың теңгеге төмендеткен. Одан кейін облыстық бюджеттің есебінен Шу қаласынан Төле би ауылына дейін магистралды газ құбырын жүргізуге 251 миллион теңге бөлініп, тиісті құжаттар рәсімделгеннен соң, 60 мың теңгеге арзандайды. Ал бұған дейін газ орнатып қойған тұрғындарға 60 мың теңге қайтарылып беріледі де, жүйеге жаңадан қосылатын тұрғындар үшін 448,929 теңге болады. Осылайша, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев бағаның шарықтау себебін тайға таңба басқандай етіп көрсетіп, мәселеге соңғы нүкте қойғандай болып еді. Десе де, газ жүргізуге жауапты мердігер мамыр айының 1-нен бастап құн салығы қайтадан төлене бастайтындығын желеу етіп, газ құбырын тарту бағасын 475 мың теңгеге көтеретінін айтады.Бір қызығы, осыған дейін Шу қаласы мен Көкқайнар, Ескі-Шу, Жаңа жол, Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері және Қонаев ауылына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мердігерлері газ құбырын 310-350 мың теңге аралығында орнатып берген екен. Ал күн сайын құбылған төлемақы мәселесімен табан тоздырған төлебиліктердің жанайқайын еститін құлақ табылмай тұр.Ал тұрғындар не дейді?Мәкен Уақтегі, ауданның Құрметті азаматы:– «Париев» ЖШС-ның басшылары халықтың айтқанына құлақ аспай, бағаны шарықтатып жіберді. Одан бөлек, шарықтаған бағаны халықтың төлей алмайтынына көздері жетіп тұрса да, ешқандай жеңілдіктің жасалмауы да тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Аталмыш мердігер Төле би ауылында өз жұмыстарын бастағандарына биыл 3 жылдан асты. Дегенмен, 20 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда осы уақытқа дейін «көгілдір отынға» қосылғандардың саны небәрі 87 үй ғана. Осы көрсеткіштен-ақ газ жеткізудің бағасы халыққа қолжетімді болмағанын аңғаруға болады. Ал жеңілдік жағына келер болсақ, 36 мыңнан аса тұрғыны бар көршілес Шу қаласында 4778 әлеуетті абоненттің бар болғаны 1762-сі ғана газға қосылғанын ескерген «ҚазТрансГазАймақ» мердігерлері тұрғындар үшін акция жариялап, қосылу құны 330 мың теңгені құрайтын келісімшарт негізінде алғашында 33 мың теңге ғана төлеп, қалғанын 11 ай ішінде ай сайын 27 мың теңгеден бөліп төлей алатындай жағдай жасап берді. Одан кейін, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев тұрғындардың газға қосылу мәселесі туралы аудан аумағында газ тарту жұмыстарын жүргізіп отырған мердігерлермен штаб отырысы өткізілгенін айтып, нәтижесінде төлем уақыты барлық тұрғындар үшін 1 жылға және 1000-ға жуық әлеуметтік осал топтардың 2 жылға бөліп төлеуіне мүмкіндік берілгендігін айтқан болатын. Алайда, «Париев» ЖШС директорының орынбасары Нұрхожа Дүйсенбеков бұл сөзді жоққа шығарып отыр.– Нұрлыхан Бердиев, Төле би ауылының тұрғыны:– Ауылымызды газдандыру мәселесі тұрғындарды қиын жағдайда қалдырып отыр. «Париев» ЖШС газ құбырларын орнатуға келісімдерін алу үшін тұрғындар арасында жиын өткізіп, қол жинаған деген де сөз бар. Бірақ, біз бұл жиыннан бейхабармыз. Халықтың 570 мың теңгені төлеуге шамасы жетпейтінін аңғару қиын емес қой. Тағы бір айта кетерлігі, газ құбырларын жер астымен жүргізу емес, керісінше, жер үстімен жүргізу қымбатқа түседі. Сондай-ақ, Шу қаласындағы жер астымен жүргізілген құбырлардың өлшемі біркелкі болса, бізде әртүрлі болып келеді. Сол себепті де, кейбір тұрғындарға газ қысымы аз мөлшерде беріліп, наразылығын білдіріп жатыр. Ал бізге құбырлар әртүрлі болса да, бағасын бірдей әрі қымбат етіп есептеп берді. Аудан әкімінің орынбасары берген мәліметке сүйенсек, газға қосылған үй ауласына қажетті құрылғылар орнатуға 55800 теңге жұмсалады екен. Оның ішінде, есептегіш құралды орнату 12500 теңге деп көрсетілген. Алайда, оның 35 мың теңгеден кемі жоқ. Роза Ахмедиярова, Төле би ауылының тұрғыны:– Ауданды газдандыру жұмыстары басталғалы Төле би ауылындағы газ мәселесі әлі күнге өз шешімін таппай келеді. Халықтың наразылығына қарамастан, баға шарықтап барады. Сайып келгенде Қазақстанның бірде-бір жерінде бұндай жоғары баға жоқ. Бұл туралы республикалық басылымдарға да жаздық, жергілікті билікке де арыздандық. Бірақ, жабулы қазан жабулы күйінде қалып тұр. Бұл тұрғыдағы жергілікті биліктің пікірі қандай?Нұрлан Жақсыбаев, аудан әкімінің орынбасары: – Шу ауданында бүгінгі күнге дейін 18424 шақырым жерге, Шу қаласын қосқанда 10 елді мекенге газ тартылған. Ал аудан орталығы Төле би ауылындағы қалыптасқан жағдай бойынша мердігер «Париев» ЖШС басшыларымен кездесіп, жиын өткіздік. Алдағы уақытта баға тұрақтылығы сақталатын болады. Мамыр айынан бастап газ тартудың бағасы 475 мың теңгеге көтерілуіне жол бермейміз. Аудан басшысының өзі мердігер компанияға бағаны арзандатуды ұсынып отыр.Зият Тұрсынұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:– «Париев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан орталығы Төле би ауылына алғаш рет 2014 жылы келіп, ауыл әкімі Ербол Даберовпен және ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, арнайы келісімшарт негізінде өз жұмыстарын бастаған болатын. 2015 жылы Шу қаласынан Төле би ауылына дейінгі 11 шақырым жерге магистралды газ құбырын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 10 миллион теңге қаражат бөлінді. 2016 жылы оған түзетулер енгізіліп, 11 шақырымды құрайтын құбыр 8,5 шақырымға қысқартылғаннан кейін, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңды түрде қажетті қаржыны бөліп берді. Ал 2017 жылдың басында облыстық бюджеттен 251 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда ол қаржы аталмыш серіктестікке берілген. Сол себепті, мердігерлер тұрғындарға газ тартудың бағасын 508 мың теңгеден 448 мыңға төмендетті. Алайда, ауыл тұрғындары бұл бағаның да қолжетімді емес екенін айтып отыр. Шу ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді