Денесінің қалдығы табылды
Австралияның Какаду саябағындағы 5 метрлік қолтырауынның асқазанынан адам денесінің қалдығы табылды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің пайым-дауынша, ол жоғалып кеткен 62 жасар туристің денесі болуы мүмкін. Қайғылы оқиға 7 маусымда орын алған. 5 метрлік алып рептилия қайықта серуендеп жүрген адамдарға шабуыл жасап, 62 жасар ер адамды сүйреп кеткен болатын. Жантүршігерлік оқиға ер адамның зайыбы, келіні мен баласының көз алдында болды. Жақындары оны соңғы рет қолтырауынның азуынан көрген болатын. Амалы құрыған полиция қызметкерлері жануарды атуға мәжбүр болды. Бұл Австралия қолтырауындарының адамдарға қарсы бірінші шабуылы емес. Осыған дейін көлде шомылып жүрген 12 жасар ер бала мен 7 жасар қыз бала алып қолтырауынның азығына айналған еді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




