Газ толтырылған вагондар рельстен шығып кетті
Канададағы Жаңа Шотландия провинциясының Пикта округінде дүйсенбіде пропан газын тасымалдап келе жатқан тауарлық пойыздың алты вагоны рельстен шығып кетті.
Оқиға орнынан 2 шақырым радиустағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуацияланғандардың саны әзірге белгісіз, бірақ апат Стеллартон қаласынан 2 шақырым қашықтықта, тұрғындары аз жерде орын алғаны атап өтілген. «Газдың сыртқа жайылғандығы тіркелген жоқ, мамандар барлық құрамды тексеріп жатыр», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілі Скотт Макрэй. Апат кезінде пойызда екі адам болған - машинист және оның көмекшісі. Олар аман-есен.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




