Американың Монтана штатына қарасты Уайтхолл қаласының тұрғындары мүлдем түсініксіз болуымен қатар тосын сыйға толы жайтқа куә болды. Нақты айтқанда, шүмектен сумен қоса таза алтын құйыла бастаған, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Уайтхолл тұрғыны Марк Браунның айтуынша, жұбайы Шарон ыдыс-аяқ жуып жатып, сабын көбігі арасынан алтынның үлбіршегіне ұқсас жылтыр заттарды байқаған. Осыдан кейін ол жолдасына қоңырау шалып, екеуі сары үлбіршектерді зерделеп қараған. «Ол суды ағызып жібермек болып, тығынды алғанда жылтыраған ұсақ үлбіршектерді көрген», – деді NBC телеарнасына сұхбат берген М.Браун. Бастапқыда олар бұл табылған заттың бағалы металл екендігіне шүбә келтірген. Алайда химиялық сынама оның таза алтын екендігін дәлелдеп отыр. Сәл кейінірек Браунның көршілері Пол Харпер отбасы да ауызсудан алтын үлбіршектерін тапқандығы белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




