Білім
Қазалылық 720 оқушының ЭКСПО-ны көріп-қайтуына 29 млн теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 19 мамыр, 2017
- 361
Қазалылық 720 оқушының ЭКСПО-ны көріп-қайтуына 29 млн теңге бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат Астана қаласында үш айға созылатын «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға Қазалы ауданынан 7500 адам аттанады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы аудандық әкімдігінен мәлім еткендей, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 720 оқушыны үш күндік саяхатпен көрмеге алып баруға аудандық бюджеттен 29 млн.-нан астам теңге бөлінді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 30 жанның барып-қайту шығыны үшін бюджеттен 1 млн 576 мың теңге қаралған.
Халықаралық көрмеге баратындардың негізгі құрамының жол шығынын көтеру үшін аудан әкімдігі жеке кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды. Билеттер «Қазпошта» АҚ-ның 27 құрылымдық бөлімшесі арқылы сатылуда.
Айта кетейік, 15 мамыр күні ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазалы ауданынан балық және балық өнімдері елордаға жөнелтілген болатын. «Қызылорда СПК Балық» ЖШС-нің 3 тонна көксерке фаршы, «Ар-М-Кон» ЖШС-нің 637 келі ақтабаны, 552 келі мөңкесі, 212 келі сазаны, «Т.Игіліков» жеке кәсіпкерліктің 1309 келі сазаны, 784 келі шортаны және 91 келі балықтың төсі «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның меншігіндегі рефрижераторлармен жабдықталған «DAF» автокөлігіне тиеліп, арқа төсіне жол тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді