Табиғи монополиялар нысандарының жұмыстарын тарифтік реттеу, табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау салаларында заңнаманың сақталуын бақылау, энергияны және ресурстарды үнемдеу іс-шараларын жүзеге асыру, тауар нарығындағы адал бәсекелестікті қолдау және оған қолайлы жағдайлар жасау – Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті облыстық департаментінің басты міндеті. Биылғы бірінші тоқсанда департаментке табиғи монополиялар нысандарынан 6 тарифті бекітуге 6 өтінім және 2016 жылдың соңында 4 тарифті бекітуге 4 өтінім түсті, оның 5-еуі бекітілді. Осы үш айда есептеу құрылғыларымен жабдықтау ыстық суда – 95,5, суық суда – 89,6 және жылу энергиясы бойынша 75,9 пайызға орындалды. «Табиғи монополиялар туралы» Заңын сақтау мақсатында табиғи монополиялар нысандары қызметтеріне жоспардан тыс екі тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша 3 нысанға қаулы шығарылып, жалпы сомасы 3499566 теңге көлемінде айыппұл cалынды. Атап айтқанда, «Тараз су» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына «Әкімшілік құқық заң бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сай әкімшілік іс қозғалып – 40589, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-на – 3393600 және «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнына 65377 теңге айыппұл салынды. Бірқатар мекемелерге табиғи монополия нысаны және реттелетін нарықтар туралы заңнамаларын бұзғаны үшін 5 нұсқама шығарылды. Департаменттің негізгі қызметінің бірі – халыққа табиғи монополия саласында мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Департамент 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Ал жемқорлыққа жол бермеу тұрғысында атқарып жатқан жұмыстарымызбен Үкіметтің электронды веб-порталдарынан (egov.kz және elicense.kz) оқып танысуға да болады. Монополияға қарсы шараларды қолдану аясында 2017 жылдың бірінші тоқсанында департамент қызметкерлері бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарға жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері бойынша 3 тергеу-тексеру жүргізіп, оларға тиісті мөлшерде айыппұл салды. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша тергеу-тексеру жүргізу нәтижесінде нарық нысандары мен жергілікті атқарушы органдарға қатысты 4 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 2722800 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік Кодексінің 192-бабының 6-тармағына сәйкес, департамент тарапынан мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларының акциялары 50 пайыздан астамы (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі 3 кәсіпорынға рұқсат берілді. Бәсекелестіктің деңгейін, монополиялық немесе үстем жағдайға ие болған нарық нысандарын анықтау мақсатында бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополиялық қызметтің алдын алуға, шектеуге және жоюға бағытталған іс-шаралары кешенін әзірлеу үшін департамент қызметкерлері арнайы тапсырмаға сәйкес биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2016 жылдың тамыз айынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейінгі бөлшек саудадағы «Аи-92/93», «Аи-95/96», «Аи-98» және дизель жанармайларына талдау жүргізді. Көтерме саудадағы еттің (сиыр еті) сатылуы қаралуда. Сондай-ақ бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің өткерілуі барысына тергеу-тексеру жүргізілуде. «Қоныс Б», «Жасұлан», «Әмір және Д» және «Садыхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты дәрі-дәрмекті бөлшек саудада сату бойынша тергеу-тексеру жүргізіліп, «Информационный Центр – Тараз» ЖШС-на Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау заңнамасына сәйкес нарық субъектісінің әрекетіне қатысты хабарландырулар берілді. «Эйр Астана» АҚ жүгінімі негізінде «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ-ның жанар-жағармайды сақтау және авиациялық отынды пайдалануына қатысты зертханалық талдау жүргізілуде. Мұндай шара тауық еті, ірімшік, картоп, пияз және орамжапырақ сынды әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қолданылуда. Департамент қызметкерлері жұртшылықты атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған шешімдер туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Биылғы бірінші тоқсанда 70 жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері қаралды.
Мүсілім ҚАСЫМОВ, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді