Ақтөбе қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында еліміздегі драма театрлар арасында республикалық экспериментальды қойылымдардың фестивалі өтті. Еліміздің кілең мықты театрлары қатысқан өнер аламанында облыстық қазақ драма театры «Қыз Жібек» саунд драмасын қойды. Қойылымның режиссері Қуандық Қасымов екенін айта өткен жөн. Өнер аламаны қорытындысында «Ең үздік спектакль» аталымы бойынша «Қыз Жібек» саунд драмасы бас жүлдеге ие болса, қойылымның қоюшы режиссері Қуандық Қасымов үздік режиссерге берілетін «Тарлан» сыйлығына ие болды. Жергілікті жұртшылық облыстық қазақ драма театрының әртістері қойған «Қыз Жібек» драмасын үлкен ықыласпен тамашалап, қошемет көрсетті. Жібектің рөлін сомдаған Әсем Әбенова мен Төлегеннің образына енген Кенен Ақүрпеков, Бекежанның рөлін сәтті алып шыққан Мәмбет Қожалиев және өзге театр актерлері сенім үдесінен шыға білді. Осылайша мөлдір махаббатты дәріптеген «Қыз Жібек» қойылымы үздік шықты.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




