«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаһандық бәсекеге қабілет тілік ұраны жаңа табыстарға жетеледі

Жаһандық бәсекеге қабілет тілік  ұраны жаңа табыстарға жетеледі
ашық дереккөз
Жаһандық бәсекеге қабілет тілік ұраны жаңа табыстарға жетеледі

нарбай-ергебеков

Нарбай ЕРГЕБЕКОВ, аудан әкімінің орынбасары.

Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы болашаққа бой түзеген мемлекетіміздің мақсат-мұратын айқындап, қоғамдық қуатты істер мен берері мол бастамаларға зор серпін бергені белгілі. Енді, міне, Мемлекет басшысының жылдың басты құжаты – Жолдаумен сабақтасып, терең тағылымымен ерекшеленер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көріп, халқымызды рухани жаңғыруға үндеуде. Ел тарихындағы екі жаңғыру үдерісінің де мақсат-міндеттері, басымдықтары мен жүзеге асырылуы жолдары бір.

IMG_8257 IMG_8096Жолдауда құрылыс, жол және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салалары мен көптеген мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының маңыздылығы ерекше атап өтілген-ді. Шынында да аталған салалар біздің ауданымыздың да әлеуметтік- экономикалық дамуына зор әсерін тигізумен келеді. Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын ел болып атап өттік. Сол ширек ғасыр уақыт ішінде көптеген жетістікке қол жеткіздік. Атап айтсақ, ауданда осы жылдарда 15 орта мектеп, 280 орындық 1 балабақша салынып, ел игілігіне берілді. Сонымен бірге өткен жылы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы күрделі жөндеуден өтіп, жобалық құны 38,5 миллион теңгені құрайтын жаңа қазандық орнатылды. Сондай-ақ, Қ.Қошманбетов, С.Сейфуллин атындағы және Күреңбел орта мектептері мен «Балдырған» балабақшасы да күрделі жөндеумен қамтылды. Биыл Қызыларық ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің құрылысына 488 миллион теңге қарастырылып, 150 орындық мектеп ғимаратының құрылысы басталғалы жатыр. Сонымен қатар Дихан және Д.Пахомов атындағы орта мектептері ғимараттарының құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуына тиісінше қаражаттар бөлінді. Денсаулық саласына келсек, соңғы жылдарда ауданда барлығы 10 дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер салынды. Енді, міне, биыл Нұрлыкент пен Қарасаз ауылдарында құны 215 миллион теңгені құрайтын екі бірдей дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылысы басталғалы отыр. Мәдениет саласында да жүзеге асырылған жұмыстар баршылық. Көптеген Мәдениет үйлері күрделі жөндеумен қамтылды. Бүгінгі таңда аудан орталығындағы Достық Мәдениет үйінің пайдалануға берілгеніне 60 жыл толып отыр. Оның сыйымдылығы – 250 орындық. Бұл аудан халқы үшін тарлық етуде. Өткен жылы 400 орындық Мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып, құзырлы органдарға сұраныс жолданды. Елбасының рақымшылық жасауымен 2014-2016 жылдар аралығында мүлікті жариялау акциясы өтті. Осы екі жыл көлемінде аудандық мүлікті жариялау жөніндегі комиссия тарапынан 802 азаматтың мүлкі жария етілді. Ал жария етілген мүліктің жалпы құны 3 480,0 миллион теңгені құрады. Бұл іс те елді игілікке бастауда. Елді мекендерді газдандыру бойынша тәуелсіздік жылдары көп жұмыс жүзеге асырылғанын жуалылықтар ұмыта қойған жоқ. Ширек ғасыр ішінде 30 ауылға табиғи газ желісі тартылып, бүгінде ел оның игілігін көріп отыр. Ендігі кезекте қалған 22 елді мекенге көгілдір отын жеткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Биыл олардың 15-іне газ жүйесін тарту үшін аудандық бюджеттен 65 миллион теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Қалған 4 елді мекенге жобалық-сметалық құжатын жасауға облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 64 миллион теңгеге сұраныс берілді. Кейінгі кезде ауданда жалпы алаңы 8706 шаршы метр 80 жеке тұрғын үй салынды. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй салу үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтардың саны 1303 адамға жетіп отыр. Олардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын жай алқабынан 30 гектар жер бөлініп, инженерлік инфрақұрылымын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Оның құрылыс-құрастыру жұмыстарының құны 612 071,0 мың теңгені құрайды. Осы жұмыстар толықтай жүзеге асқан соң аталған тұрғын жай алқабынан 170 өтініш иесі өздеріне тиесілі жер телімдерін алады. Бұдан бөлек Б. Момышұлы, Көкбастау, Нұрлыкент, Ақсай ауылдық округтерінде 86,7 гектар жаңа тұрғын үй алқабына инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Құжат іске асқанда 559 азамат жер телімімен қамтылады. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 елді мекенге жаңа ауызсу жүйесі тартылғанын да атап өту ләзім. Жалпы, аудандағы 49 елді мекеннің бүгінгі таңда 15-інде ескі де болса орталықтандырылған ауызсу жүйесі бар. Биыл Күреңбел, Көлтоған, Шақпақата, Қошқарата, Қарасаз ауылдарына таза ауызсу жеткізуге байланысты 41 миллион теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Бұдан басқа 24 елді мекеннің жерасты су қорының оң қорытындысы алынды. Аудандағы елді мекендерге таза ауызсу жеткізу мәселесімен негізінен «Жуалы су» мекемесі айналысады. Мекеме аудан тұрғындарының сұранысы бойынша 18630,0 мың теңгеге 8 көшеге, яғни жалпы алғанда 4,7 шақырымдық ауызсу жүйесін тартып, үш ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін өткен жылы аудандық маңызы бар және ауылішілік автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 222 978,8 мың теңге қаралған. Аталған қаржыға 5 ауыларалық 13,17 шақырым, 9 көшедегі 10,1 шақырым жол орта жөндеуден өткізілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 шақырымға артық. Жалпы, бүгінге дейін аудан аумағында барлығы 331 шақырым жол жөнделген. Оның ішінде облыстық маңызға ие жол – 135,1, аудандық маңызы бары – 91, ауылішілік жолдар 105 шақырымды құрайды. Бұл іске жұмсалған қаржы көлемі 2534,7 миллион теңге. Бұдан басқа, соңғы екі жыл көлемінде мемлекет тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында ауылдық округтерге нысаналы мақсатта қаржы бөлініп, аудан бойынша 40,1 шақырымды құрайтын 49 ауылішілік көше жолдары ағымдық және орта жөндеуден өткізілді. Биыл 2 ауыларалық және 3 ауылішілік жол мен бір көпірді жөндеуге 210 миллион теңге бөлініп отыр. Аудан елді мекендерін көріктендіру ісі бойынша бүгінгі күнге дейін тарихи маңызы бар 9 нысан бой көтерген. 7 нысанда саябақ, демалыс орталықтары салынған. 62 көшеге 1449 дана көше жарығы орнатылып, 7,4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы жасалынды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 14 ауылдық округке нысаналы мақсатта 173,4 миллион теңге қаржы қаралып, соның нәтижесінде 21 көшенің (18,1 шақырым) жолы жөнделді. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша ауданда шұғыл әрекет ету топтары жұмыс істейді. Биылғы қыс мезгілінде жергілікті жолдар – 11, республикалық жолдар 5 рет жабылып, жолда қалған барлығы 128 техника мен 301 адам құтқарылды. 16 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың 5-і – жүкті әйелдер. Елбасы Жолдауындағы міндеттелген мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмыстар талапқа сай атқарылуы нәтижесінде ауданның даму көрсеткіші жыл санап артып келеді.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар