Мені жұрт ақымақ дейді, Орынсыз ақырады дейді. Мастарды да, маубастарды да, Есек дейді, Сонда олар бізді, Кім деп есептейді?!
Онсыз да шаршап, өліп жүрген, Қиындыққа көніп жүрген, Тағдырдың салған қорлығын, Егеміздің зорлығын, Күндіз-түні көріп жүрген, Не жазығы бар еді, Біз сияқты сорлының?!
Етіміз арам десек те, Бой ұрмаймыз бос мақтан мен өсекке, Еш тірлікте салынбаймыз есепке, Қанша жұмыс ауыр болса да, Артпаймыз ешкімге бос өкпе. Сонда да бізді байлап қояды, Қалған-құтқан «кәшекке».
Бұл сөзіміз сіздерге өте ме, Жетпей ме, жете ме, Білмейміз, білетініміз – Біз де бірге өскен жануармыз ғой, Төрт түлікпен етене.
...Бұл есектің не бар екен ойында, Көрген бе әбден тапшылық?! Дегенменен, әр жаманның бойында, Болады ғой кішкентай бір жақсылық.
Шайхан ХАМЗАҰЛЫ.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




