Білімі мен Біліктілігі сай болса мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудан сүрінбей өтеді
- author «Ақ жол»
- 25 сәуір, 2017
- 439
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев пен облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржан Календеров «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестаттауының аралық қорытындысын мәлімдеді. Мемлекеттік қызметшілерге деген кәсіби талаптың күшейтілетіні «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 15-қадамында нақты көрсетілгені белгілі. Ал аттестаттау ережесінде қандай қызметшілердің аттестаттауға жататыны немесе одан босатылатыны жазылған. – Өңірімізде барлық 457 мемлекеттік органдағы жалпы қызметшілердің нақты саны – 4818. Аттестаттау ережесінде анықталған критерийлер бойынша облыстағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сапалық құрамына талдау жасалып, аттестаттауға жататын 3600-ден астам қызметшінің тізімі жасалды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар бойынша мыңға жуық қызметші бар, ал қалғандары – орталық органдардың аумақтық құрылымдарынан. Ережеге сәйкес барлығы 1200-ден астам қызметші аттестаттаудан босатылып отыр. Олардың елу пайызы жүктілігі туралы анықтама ұсынуына, үш жасқа дейінгі балаларының күтімі бойынша әлеуметтік демалыста болуына, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балаларының жалғыз тәрбиелеп отыруына байланысты босатылған қызметшілер. Ал 24 пайызы мемлекеттік қызметтегі іс-тәжірибесі жарты жылға жетпейтін жаңадан қабылданғандар, 23 пайызы зейнет жасына кемінде екі жыл қалған қызметшілер, – деді М. Нәлібаев. Қазір аттестаттаудың тестілеу кезеңі толығымен аяқталыпты. Кестеге сәйкес күніне 120 адамнан, жалпы 3669 қызметші тест тапсырып, 27 пайызы «өте жақсы», 69 пайызы «тиімді», қалған төрт пайызы «қанағаттанарлық» деген баға алған. Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржан Календеров облыстың жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының аттестаттаудан өтетін 1976 мемлекеттік қызметшісінің 23-і бірінші деңгейдегі комиссиядан, 709-ы екінші деңгейдегі комиссиядан, 1244-і үшінші деңгейдегі комиссиядан өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екінші деңгейдегі аттестациялаудан өткен 709 қызметшінің 20-сы лауазымын жоғарылатуға, 679-ы атқарып отырған қызметіне сәйкестігі көрсетіліп, 10-ы лауазымын төмендетуге ұсынылыпты. Үшінші деңгейдегі комиссияның жұмысында да осы секілді нәтижелерге қол жеткізілген.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Төмен ұпай алған үміткер жеңімпаз болды. Неге?
- 5 шілде, 2025
Жамбылдық оқушылар ақылды үй жобасын әзірледі
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді