«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Асыл қасиетімізді алдымен ұл-қызымыз ұғынсын

Асыл қасиетімізді алдымен ұл-қызымыз ұғынсын
ашық дереккөз
Асыл қасиетімізді алдымен ұл-қызымыз ұғынсын

Ал, қаладағы көше бойымен ағатын каналдың, арықтардың күл-қоқысқа толып жататындығы – кейбір адамдардың жеке сана-сезімінде одан ертерек құтылсам деген ғана ой болатындығы. Себебі, судың, ауаның, жердің былғанып, бүлінуі олардың ойына кіріп, шықпайды. Алыс-жақын шетелден және басқа да облыстан келген қонақ-тар біздің Таразымызды жасыл, таза қала деп мақтап кеткеніне талай рет куә болып, қуанып қалғанбыз. Облыс орталығындағы каналдар мен арықтардың, көшелердің, аулалардың таза, жасыл болуы үшін әрбір тұрғын өз іс-әрекетіне адамгершілікпен, жауапкершілікпен қараса екен дейміз. «Саябақтағы «махаббат» тақырыпшасымен қозғалған мәселе бойынша айта-рымыз мынау. Қолымыз бір босағанда бала-ларымызбен, қонақтарымызбен қаланың демалыс саябағында, «Атшабар» скверінде, «Достық» алаңында демал-ғанымызда көретініміз – жастардың жол үстінде де, көпшілік отыратын орындықтарда да өліп-өшіп аймаласып тұрған-дары. Бұл үлкен аға-апалар алдында үлкен ұят тірлік. Жастар алдымен «Өлімнен ұят күшті» деген халқымыздың даналық сөзін ұғынуы керек. «Сөзі мен ісіне жауапсыз жастар көбейді». Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автокөлік жүргізушілерінің кестеге қарамай асығыс жүргендерін үнемі кездестіреміз. Ондағы кондукторлардың көшені бұрынғы атауымен атайтындығы, кей кезде көлік есігін ашып қойып жүргізетінін қайтерсің? Оларға ескерту айтсаң, дөрекі сөздермен қарсы шыға келеді. Бұл мәдениеттілікке, әдептілікке жатпайтын қылықтар. Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, деп ойлаймыз. Жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі – ауызбірлік пен ынтымақ. Бірлік бар жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі еңбекті, білімді, ізденуді талап етеді. Жастар – елдің болашағы, болашаққа сенім арту – жеңісті де жемісті келешектің көрінісі. Ұлтжандылық, отансүйгіштік, адамгершілік, үлкендерді сыйлау – әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің нағыз азаматы, халқының қадірлі ұл-қызы болуы мүмкін емес. Жастар тәрбиесінде ең алдымен осы мәселелер тұруы керек.

Сарыкемер ауылының тұрғындары: Сейітхан Жаманғараев, Қалдыбай Күсемісов, Ғалия Молдабаева, Жұлдыз Әлімбетова, Дихан ауылының тұрғыны Серік Әбдірайымов.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар