Жамбыл жерінен жеткен арзан азық-түлік астаналықтарды дән риза етті
Таяуда өңірлердің екіжақты, өзара тиімді әріптестік қарым-қатынасын нығайту мақсатында елордамыз Астана қаласында жамбылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Жамбыл облысы мен Астана қаласының әкімдері Кәрім Көкірекбаев пен Әсет Исекешев сауда қатарларын аралап көрді. «Қазақстан» спорттық кешені аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қала тұрғындары да көптеп келді. Сапалы тауарлардың жалпы көлемі 201 тоннадан астам. Астаналықтар бұл жолы ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық, ұн, балық өнімдері мен өсімдік және мал майын нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңке барысында тұтынушыларға барлық ұсынылған жылқы еті – 15, құс еті – 7, шұжық – 11, сүт өнімдері – 21, қарақұмық – 5, күріш – 5, кондитерлік және ұн өнімдері – 7,5, өсімдік майы – 5,5, қант – 5, тұз – 5, балық – 7, бал – 2,5, кептірілген жеміс – 2, ал көкөніс пен жемістер 104 тонна, жұмыртқа 5 мың дана көлемінде болғанын да айта кету керек. – Мұнда шаруа қожалықтары өндірген азық-түлік өнімдері облысымыздың барлық аудандарынан жеткізілді. Тауарлардың жалпы сомасы 156 миллион теңгені құрады. Біздің өңірімізде өсірілген картоп Астанадағыдан екі есе дерлік арзан, оның әр килосының бағасы 75 теңге тұрады. Пияздың да бағасы төмен. Қалған азық-түлік өнімдері де нарықтағыдан арзан өткерілді. Бұл жерден тұтынушылардың балдан бастап балыққа дейін табиғи өнімдердің түр-түрін табуына болады. Экологиялық тұрғыдан да таза, сапалы, бағасы да қолжетімді, – деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев. Бұл іс-шара соңғы кездері Астана мен Алматы қалаларында жамбылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуі дәстүрге айналып келе жатқанының нақты көрінісіндей болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді