«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Иесі жоқ каналдарды қайтеміз?

Иесі жоқ каналдарды қайтеміз?
ашық дереккөз
Иесі жоқ каналдарды қайтеміз?

Жамбыл ауданында – 28, Меркі ауданында – 1, Талас ауданында 3 су шаруашылығы жүйесі қожайынсыз қалған

Облыста барлығы 468 магистралды, шаруашылықаралық және ішкі шаруашылық су шаруашылығы жүйелері бар. Былтыр 206,2 миллион теңгеге 64 шақырым болатын 15 шаруашылық каналы және Жуалы ауданындағы «Дарбаза», Т.Рысқұлов ауданындағы «Белогорка», Шу ауданындағы «Ақсу» су қоймалары ағымдағы жөндеуден өтті. Ал 2015 жылы 104,3 миллион теңгеге 48 километр канал, 14 су қоймасы мен бөгеттер жөнделіп, 36 нысан қалпына келтірілген болатын. Биыл облыстың коммуналдық меншігіндегі 27 су шаруашылығы нысанына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 402,0 миллион теңге қаржы қарастырылуына облыстық бюджет комиссиясына тапсырыс берілді. Облыстың су шаруашылығы жүйелерін бір қолда ұстау мақсатында 177 коммуналдық су шаруашылығы жүйесін республикалық меншікке өткізуге жоспарланған. Бүгінгі күні олардың 172-сі өткізілуде. Одан басқа 128 каналдың мемлекеттік жер актілері мен техникалық паспорттарын алу үшін жерге орналастыру жобаларын дайындатуға облыстық бюджеттен 225 миллион теңге қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылдың 4 қаңтарында өткен кеңестің хаттамасына сәйкес, облыстың коммуналдық меншігіндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке өткізу бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы тобы құрылды. Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша республикалық меншікке 2 кезеңде өткізілетін су шаруашылығы жүйелерінің қатарында барлығы 280 канал бары анықталды. Облыстық коммуналдық меншікте 128 ішкі шаруашылық канал бар. Оның 61-і – аудандық коммуналдық меншікте, 5-еуі – су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері үлесінде. Түгендеу ісінің қорытындысы көрсеткендей, Жамбыл ауданында – 28, Меркі ауданында – 1, Талас ауданында 3 су шаруашылығы жүйесі қожайынсыз қалған. Байзақ ауданындағы иесіз 30 ішкі шаруашылық каналы аудандық әділет басқармасында тіркеліп, коммуналдық меншік құқығы ретінде тану үшін аудандық сот қарауына ұсынылды.

Әбинауыс КӨЛБАЕВ, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар