Астанаға азық-түлік автокеруені аттанды
Кеше облысымыз бен Астана қаласы арасындағы екіжақты, өзара тиімді әріптестік аясын кеңейту мақсатымен екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу үшін азық-түлік өнімдері тиелген автокеруен елордамызға жол тартты.
Жамбылдық ауыл шаруашылығы тауарын өндіру-шілердің жәрмеңкесі үстіміздегі жылғы 22-23 сәуір күндері ел астанасындағы «Алатау» спорт кешені аумағында өтеді.
Жалпы құны 156 миллион теңге сомасындағы 201 тоннадан астам сапалы тауарлар сатылымға түспек. Астаналықтар ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық, ұн, балық өнімдері мен өсімдік және мал майын нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағаға сатып ала алады. Жәрмеңке барысында тұтынушыларға ұсынылатын жылқы еті – 15, құс еті – 7, шұжық – 11, сүт өнімдері – 21, қарақұмық – 5, күріш – 5, кондитерлік және ұн өнімдері – 7,5, өсімдік майы – 5,5, қант – 5, тұз – 5, балық – 7, бал – 2,5, кептірілген жеміс – 2, ал көкөніс пен жеміс 104 тоннаны, жұмыртқа 5 мың дананы құрайды.
Бұдан бөлек облыстық филармония әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылатын болады.
Соңғы кездері Астана мен Алматы қалаларында жамбылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуі дәстүрге де айналып келе жатқанын айта кету керек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




