ҚР Президенті «Дженерал Электрик» басшылығымен мұнай-газ саласы мәселелерін талқылады
- author «Ақ жол»
- 11 маусым, 2014
- 694
АСТАНА. БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Кездесу Ақмола облысы Бурабай кентінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында өтті.
Кездесу барысында мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін және оны әрі қарай кеңейтуге әзірлігін атап өтті, сондай-ақ локомотив құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарықтарға шығарудың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар компания бөлімшелерінің мемлекеттік органдармен және елдегі ұлттық компаниялармен табысты өзара ықпалдастығына тоқталып, бірқатар инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды қарастырды.
«Дженерал Электрик» - Қазақстан Республикасындағы шетелдік ірі компанияның бірі. Оның клиенттері мен серіктестері қатарына өңірде 200-ден астам компания және ұйымдар кіреді. «Дженерал Электриктің» Алматыдағы өкілдігі 1994 жылы ашылды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




