Армения ЕАЭО-ға кіру арқылы мүше елдердің үлкен нарығына есік ашады
- author «Ақ жол»
- 11 маусым, 2014
- 388

Армения Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына қосыла отырып, ЕАЭО мүше-елдерінің үлкен нарығына жол ашады. Бұл туралы АР Экономика министрлігі сауда және нарықтарды реттеу басқармасының басшысы Гагик Кочарян мәлім етті, деп хабарлайды АРКА.
«КСРО ыдырағаннан кейін Армения өзге елдермен сауда-саттық қарым-қатынасты тек екіжақты негізде құрған болатын. Бүгінгі күні Арменияның сауда желісі Ресей және ТМД елдерімен жақсы дамыған», - деді Кочарян сейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы себептерге байланысты аталған елдермен ықпалдастық қарым-қатынасты тереңдету қажеттілігі туындауда және мұндай мүмкіндікті ЕАЭО ұсынып отыр.
«Нарық кеңіп қана қоймай, кедендік рәсімдер де біршама жеңілдетіліп, техникалық кедергілер еңсеріледі», - деп қосты Кочарян.
Басқарма басшысы атап өткендей, Армения үшін аса басымдықты салалардың бірі энергия көздеріне, сондай-ақ, өзге де арзан шикізаттарға қолжетімділік ЕАЭО-ға қосылудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
«Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосыла отырып, ЕАЭО-дан да, ЕО-дан да инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады. Арменияға ЕО тарапынан ұсынылып отырған артықшылықтар болашақта еуропалық нарыққа шыға алатын бизнес ұйымдастыруға жағдай жасайды», - деп қорытты Кочарян.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бюджетті тиімді игеру жағынан алдыңғы орындамыз
- 26 маусым, 2025
Шағын және орта бизнестің жағдайы қалай?
- 26 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді