Білімді жастар – болашағымыз
«Парасат» колледжінде орта оқу орындарында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша құрылған №6 мобильді топтың 2016-2017 оқу жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттерімен арнайы кездесу өтті. Кездесудің модераторы болған облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов бұл топтың не үшін құрылғаны туралы және негізгі мақсатына тоқталып өтті. Кездесуге «Қазфосфат» ЖШС-ның Бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина, облыс прокурорының көмекшісі Қайсар Бекмұратов, облыстық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Аңсар Төлебеков қатысты.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Мұқаш Ескендіров жастарға бүгінгі күнге жеткен жетістіктерімен, еңбек жолы туралы қысқаша әңгімелеп берді. Мұқаш Зұлқарнайұлы, сондай-ақ, мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндеті турасында да айтып өтті. Облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина да білімгерлермен мәнді де мағыналы әңгіме өрбіте білді. Ол облыста мемлекеттік жастар саясаты мен білім саласындағы бағдарламалардың іске асыру барысы туралы сөз қозғап, білімгер қыздарға кеңесін жеткізді.
– Қыз баланың өмірлік мақсаты – ана болу, ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінде тәлім мен білім ұштасып, қабілеттеріңіз мықты болу үшін көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Үш тілді меңгерген маман атану мәселесі де жолға қойылып отыр. Нағыз білім алатын шақта уақытты текке өткізіп алмай, көп ізденуге, көп білуге, жаңа тіл үйренуге талпыныңыздар. Сауатты, білімді, қабілетті болу – парыз. Бүгінгі біліммен ғана қалып қоймай, тәжірибе жинақтап, білімді арттырып отырыңыздар. Заманмен бірге дамыңыздар, – деп Зүбайра Жарқынқызы жас білімгерлерді оқуға жігерлендірді.
Облыс прокурорының көмекшісі Қайсар Бекмұратов пен полиция капитаны Аңсар Төлебеков жастар арасында құқық бұзушылық туралы әңгіме қозғап, студенттерді тура жолдан адаспай, қоғамға адал қызмет етуге шақырды.
Жиын соңында студенттер өз ойларын білдіріп, сұрақтарына тиісті жауап алды.
Наурызбек САРША, Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді