Не екенін ұмытқам қуанудың, О, құдірет, көңілім қуарулы... Тереземе тоқылған тентек қырау, Көрсетеді келбетін бір арудың.
Саусағынан сорғалап, дала ағарып, Жауатұғын үлпілдеп қала қары. Аяз сүйген бетіңді, айтшы, қалқам, Жылытып жүр қай жанның алақаны.
Мұңымды ұрлап, жасырған қарақшы қыс: Сен сезімге, мас едің шарапқа біз. Ерінімде сәл ғана кідірдің де, Еріп кеттің сол күні талапшыл қыз.
Ұстап алып көк бұлттың кетік ұшын, Кету үшін әлемнен етегі сұр. Тағы қанша күтемін қар жауғанын, О, Күрең қыз, мен саған жету үшін.
Шайырлардай қол создым көкке кеше, (Шарасыздан қайғыны текке кешем.) Сағымыңа ілесіп, мен өзіңді, Сағынатын әдетім өкпелесем...
Файзулла Төлтай, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




