«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Төлемісова ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын шағын кәсіпкерлік құрылымдардың жетекшілері мен тиісті мекеме өкілдерімен қоғамдық қабылдау өткізді. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы туризм бөлімінің меңгерушісі Жомарт Хажы жолаушылар тасымалы мәселесінің толық шешілгенін мәлім етті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы жолаушылар тасымалында мәселе туындап жатса, қосымша пойыз бағытын ашуға ниетті», – дейді. Тұрмысы төмен отбасы балалары мен үздік оқушылар үшін көрмені тамашалауға жергілікті бюджеттен 235 миллион 742 мың теңге қаржы бөлініпті. Облыстың туристік фирмалары тұрғындардың халықаралық көрмеге қатысуын ұйымдастырады. Ж.Хажы туроператорлардың атқаратын жұмысы жайлы да кеңінен хабардар ете келе, ол көрме кезінде облысқа келетін туристерді қалай қарсы алып, не ұсынатындарына дейін тарқата айтып берді. «Өңірге 350 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Астанада 3000-дай, ал облысымызда 9 түрлі шара ұйымдастыру жоспарланыпты. Қазақстанның әр қиырынан, алыс-жақын шетелдерден қонақтар келуі құрметіне аудандар күндері өткізіліп, туристер 2000 жылдық тарихы бар ежелгі әрі жасарған Тараздың тарихи жәдігерлерін, өңірдегі көнеден жеткен ескерткіштерді аралап көріп, тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ», – деді ол. Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Нағима Молдахметова халықаралық көрмеге шағын және орта бизнесте еңбек ететіндердің қосатын үлестері жөнінде тарқата айтып берді. Төрткүл дүниенің назары Қазақстанға ауған шақта облыс кәсіпкерлері де аянып қалмайтын көрінеді. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Б.Төлемісова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында облыстағы іргелі өндіріс орындары қазірдің өзінде жүздеген билеттерге тапсырыс беріп қойғанын жеткізді.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді