Әлемдегі алғашқы «жүрегі мен сезімдері бар» робот жасалды
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2014
- 870
Жапонияда Softbank фирмасы адамның сезімін есептей алатын робот жасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС ВВС-қа сілтеме жасап.
Жасаушылардың айтуынша, Pepper деп аталатын робот эмоционалдық двигатель мен жасанды интеллекті жүйесін іске қосып, дауыс сигналдарын, ишараны, тіпті адамның бет құбылысын да талдай алады. Өндірушілердің айтуынша, адамдар андроидпен достарымен немесе туыстарымен сөйлескендей, әңгімелесе алады, сонымен бірге робот көптеген міндеттерді атқарады. «Біз адамзат тарихында алғаш рет жүрегімен және сезіммен жұмыс істей алатын робот жасадық», деді Softbank атқарушы директоры Масаеси Сон. Жапония әлемдегі ірі робот жасайтын ел. Халық шапшаң қартайып, бала туу саны азайып отырған қазіргі кезде нарықта оның бағасы өсуі мүмкін. Оның үстіне жұмыс күшінің жеткіліксіздігін толтыра алады, мұның еңбекақыға шығындары артып отырған жағдайда да мәні зор. Сондай-ақ, қартайған адамдарға көмектесетін әлеуметтік қызметкерлер рөлін де атқара алады. 2015 жылғы ақпаннан бастап бұл роботтар сатуға шығарылмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




