7 маусым күні Киевте Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі өтті. Бұл салтанатқа 56 елден делегациялар, оның ішінде 23 мемлекеттің бірінші басшылары қатысты. Қазақстан делегациясын Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастап барды.
Ол жақында Украинаның ресейшіл сепаратистермен қақтығыс болып жатқан шығыс аймақтарына баратынын мәлімдеп, онда “Украина билігін орталықсыздандыру жобасын таныстыратынын, аймақтардағы орыс тілінің еркін қолданылуына кепілдік беретінін” хабарлады. Порошенко Донбаста жергілікті сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге дайын екенін білдірді. Алайда президенттің пікірінше, “Украина әрқашан унитарлық мемлекет болып қала береді, федералдық мемлекет бола алмайды”. Президент елдің шығыс аймақтарында көтеріліс жасап жатқан ресейшілдерді қаруларын тастауға шақырды. Олардың ауыр қылмыс жасамағандарына рақымшылық болатынын, жалдамалыларға елден шығып кетуге мүмкіндік берілетінін ескертті. Ол Ресейдің Қырымды қосып алғанын айыптап, “Қырым Украина жері болған әрі Украина аумағы болып қала береді” деп мәлімдеді. Порошенко Ресеймен қарым-қатынас реттелмейінше, Украина азаматтарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмейтінін де айтып өтті. Сайлау өткенше Украина президенті міндетін атқарған парламент спикері Александр Турчиновтің президент ретіндегі уақытша қызметі тоқтатылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




