«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көсегем көгерсін десең, көп тіл біл

Көсегем көгерсін  десең, көп тіл біл
ашық дереккөз
Көсегем көгерсін десең, көп тіл біл

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығында» Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту мақсатында көп тіл меңгерген жастарға арналған Полиглоттар клубын ашылуы өтті. Шараға жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Клуб шет тілдерді еркін меңгерген облыс жастарының басын қосып, тілдік қабілеттерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасу мақсатында құрылып отыр. Қазіргі таңда клубқа Тараз қаласы мен 8 ауданнан 60-тан аса көп тілді меңгерген азаматтар топтастырылған. Ашылу салтанатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева мен аталмыш клубтың президенті Сағи Алтынкөп клубтың ашылу маңыздылығына тоқталып өтті. – Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу үшін қажет. Бүгінде әрбір жастың арманы – терең білім алу, мақсаты – мемлекетімізді гүлдендіру болып, ол үшін көп тіл білуге ұмтылу керек. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» демекші, бірнеше тілді меңгеру қазіргі заманның басты талабы болып отыр. Сол себепті, біз көп тілді орта қалыптастырып, өз білімімізді өзгелермен де бөлісуіміз керек. Сондай-ақ, біздің клубымыздың ішінде ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне баратын еріктілер де бар. Бұл да көп тілді білгеннің арқасында деп айтсам болады, – деді Сағи Алтынкөп. Шара барысында клуб мүшелері өздерін қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, кәріс, неміс, жапон, араб, түрік тілдерінде таныстырып «Отан» тақырыбында өлең шумақтарын оқып берді. Сонымен қатар, ағылшын, қытай тілдерінде Сарысу, Меркі аудандарындағы полиглоттармен онлайн байланысқа шығап, «Kahoot.it» ойыны арқылы клуб мүшелерінің тілдерді білу деңгейін анықтады.

Фариза АЙТБЕК, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар