Қазіргі кезде ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан, жеке азаматтардың оны меңгеруге қызығушылығы арту үстінде. Шет тілін білудің тиімділігіне күнбе-күнгі өмірімізде де айқын көз жеткізе бастадық. Халықаралық мәртебеге ие ұйымдарға қызметке қабылдау кезінде үміткерлердің ағылшын тілін білу деңгейі назарға алынатындығы белгілі. Бір сөзбен айтқанда, заман талабына сай шет тілін меңгеру жастардың да қалауына айналып отыр.
Орталығымыздың және оның Шу, Қордай, Меркі, Байзақ, Сарысу, Талас аудандарындағы құрылымдық бөлімшелерінің тыңдаушылары арасында өткен «Үздік тыңдаушы» облыстық байқауының мақсаты да осы – үш тілді жетік меңгергендерді анықтау және олардың шығармашылық қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамытуға қолдау көрсету болған-ды. Байқау, негізінен, алты кезең бойынша өтті. Оның қорытынды нәтижесінде облыстық әділет департаментінің инспекторы Г. Иманбекова бірінші, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А. Сейтқадырова екінші, Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы Б. Сыздықбаев үшінші орындарды иеленді. Жүлдегерлер мен қатысушылар тиісінше дипломдармен, Алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Эльмира ЕЛТҮЗЕРОВА, облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдіскері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді