«Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына, 254 «Су ресурстарын тиімді пайдалану» бюджеттік бағдарламасына және 100 «Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу» кіші бағдарламасына сәйкес өткен жылы Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу және Талас аудандарының мелиоративтік жай-күйіне бақылау жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде егістіктің 37898 гектары қанағаттанғысыз, 34545 гектары қанағаттанарлық және 33183 гектары жақсы екені анықталды. Қанағаттанғысыз суармалы жерлер негізінен жер асты суы деңгейі жер бетіне таяу орналасқан, сонымен бірге күшті және орташа тұзданған жерлер. Осындай тұзданған жерлерде жер асты суының жақын орналасуы нәтижесі қайта тұздану қаупін тудырады. 37898 гектар суармалы жердің 28649 гектары жер асты суы жақын орналасуы себепті қанағаттанғысыз күйде екені анықталды. Мелиоративтік жай-күйі жақсы 33183 гектар суармалы жер топырағы тұзданбаған, сорланбаған, жер асты сулары әлсіз тұзданған және төмен орналасқан. Мұндай жерлерде топырақтың құнарын арттыруға бағытталған агромелиоративтік шаралар жасалуы тиіс. Суармалы жерлердің суару кезеңіндегі жер асты суы деңгейін бақылау нәтижесінде қауіпті, шекті деңгейден жоғары (0-2м) 32279 гектар екендігі, ал оның тұздылық мөлшері аймақтың суармалы жерлерінің 69 пайызы немесе 72621 гектары 0-1г/л болса, 23825 гектары 1-3г/л және 7294 гектары 3-5г/л, тек 2 пайыз немесе 1886 гектарында 5г/л-ден жоғары, оның 1586 гектары Талас ауданында, 300 гектары Байзақ ауданына тиесілі екендігі анықталды.
Қажымұқан Қожанов, Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы РММ-нің Жамбыл бөлімінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді