Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» атты аймақтық педагогикалық оқулар өткізілді. Оған облыстағы жалпы орта білім беру мекемелерінің директорлары мен мектеп мұғалімдері, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары қатысты. Аталған оқу орнының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Сәуле Әлімбаева, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Бұзаубақова педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудегі дуалды оқытудың рөліне тоқталса, осы кафедраның профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сейсекүл Көшімбетова Қазақстанның Еңбек Ері, педагог Аягүл Миразованың еңбегі жайлы баяндама жасады. Жиында Қазақстанның Үшінші жаңғыруы білім мен ғылымның интеграциясы, білім беру үдерісін модернизациялауда дуалды білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагог кадрларды дайындаудың маңыздылығы мен жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтің кәсіби шеберлігін арттырудың өзектілігі сөз болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, насихаттау жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар сабағында қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерге өз пәндері бойынша сипаттама беріп, критериалды бағалау жайына тоқталды. Шебер-сынып, панелдік пікір-таластар өткізілген жиын соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырылды.
Равиль Жұмағалиев, ТарМПИ-дің аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді