Сіңлілерім, қызғалдақ-аруларым
Сіңлілерім, қазғалдақ-аруларым,
Бір-бірінің жандырған тәуір бағын.
Қуансаңдар, көктем боп бар маңайым,
Мұңайсаңдар, еріксіз ауырладым.
Ұясына батқанша оралып күн,
Қызығына тоймадық балалықтың.
Ақ көбелек, ақ гүлдер арасында,
Арманшылдау қыз болып жаралыппын.
Иінағаш салып ап иықтарға,
Су тасыдық тұрса да тиіп қана.
Қол ұстасып барамыз шомылуға,
Тұрған кезде аптаптан күйіп дала.
Әке менен шешенің еркелері,
Сол бір кез қандай ыстық, көркем еді.
Оралмасын білгенде бал күндердің,
Жүрегім өз-өзінен өртенеді.
Ғайни Әлімбекқызы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




