Наршаның сөзі – баршаның сөзі
ақын Нарша Қашағанұлының қара сөздері жарық көрді
Көпшілік оқырман қауымға ақын Нарша Қашағанұлының жаңа кітабы жол тартты. Марқұм талантты ақынның жазған қара сөздері енген жинақ Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспасынан жарық көрген. Тіпті ақынның көзі тірісінде өзі бұл жинаққа «Бітпейтін кітап» деп ат қойып кетіпті.
Таластың тумасы Нарша Қашағанұлының жазбаларын жинақтап, құрастырған ақынның баласы Ербол Наршаұлы кітапсүйер жұртшылыққа керемет тарту жасағаны сөзсіз. Бұл туралы «Бітпейтін кітаптың» алғы сөзінде белгілі ақын, халықаралық «Абай», «Алаш» әдеби сыйлықтарының иегері Ғалым Жайлыбай да айтып өткен. Ол: «Жүрген жерінде айтқыштығымен, шешендігімен, тапқырлығымен алға озып тұратын ерке ақынның оңашадағы ойларын оқығанда оның сыршылдығына, ойшылдығына тағы да көзіміз жете түсті. «Жақсы адам мен жақсы кітапқа өлімнің өкімі жүрмейді», деп Наршаның өзі айтқандай бұл кітапқа да өлімнің өкімі жүрмейді деп ойлаймыз. Нарша ақын да, оның жазған әрбір дүниесі де халқымен бірге жасай бермек» – депті Ғ. Жайлыбай.
Иә, қазақ поэзиясына өзіндік соқпағымен келіп, жырсүйер қауымның жүрегіне жол тауып, әдемі әсер қалдыра білген ақынның осы кітапта жинақталған оймақтай ойлары да, нақыл сөздері де оқырманға рухани тынығу сыйлайды деп үміттенеміз.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




