Ән сабағын асыға күтпейтін бала кемде-кем шығар. Математика, орыс тілі, қазақ тілінен шаршағанда ән айтып сергиді. Ән сабағының мұғалімі Айгүл де балажан. Жас та болса, баланы бауырына тартқасын олар да жақсы көріп, өзімсініп алған. Ішкі пікірлерін де жасырмайды. Сабақ кестесі бойынша ән сабағы бейсенбі күні өтеді. Оқушыларға апайы табалдырықты аттағаннан сынып бөлмесіне нұр құйылғандай әсер етеді. Өзі күнгей бетке орналасқан. Табиғаттың шуағы мен жақсы адамның пейілі бір нүктеге тоқайласқасын, бөлмеге жылылықтан басқа не келсін?! Айгүлді жаңа сабақты бастамас бұрын ноталарды екі-үш оқушыдан сұрап, есте жаңғыртатын бұрыннан әдеті. До-ре-ми-фа-со-ля-си. Осы нота Жанатқа қонбай қойды. Өткен сабақта до-ре-сін дұрыс айтып, ми-ға келгенде ұмытып қалды. Өзі де әбден қиналды. Болмағасын «бастың ішіндегі ше?» деп барлық оқушыны күлдіргені бар. Ол оқу жылының жаңа басталған кезі еді. Қазір бәрін біледі. Сонда да болса қыңыр сөзге баланың әуес болатын әдеті емес пе? Соның ішінде қиқар Қабылан ұмытпай, Жанатты көрсе өз басын өзі шұқып тұра қалады. Ол – ми деген белгісі. Жаңа сабақ Қазақстанның Әнұранын үйренуден басталады. Сөзін өткен сабақта дәптерлеріне жаздырған. Айгүл апай баянмен қосылып екі рет айтып шыққасын үшіншісіне бәрі түгел қосылды. Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Думанды бастаған Еліме қарашы... Дауыстарында ерекше екпін бар. Ол – періште перзенттердің еліне, Отанына, туған жерге деген адалдығының айғағы.
Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ.
Түрксіб ауылы, Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




