Облыс басшысының халық алдындағы есебін тыңдап, тындырымды тірліктердің куәсі болып отырмыз. Ең бірінші кезекте халықтың әлеуетін арттырып, әл-ауқатын жақсартуды мақсат еткен басшының жасап жатқан жемісті жұмысы, шын мәнінде барша жұрттың көз алдында. Әсіресе, көп жылдардан бері тек сөз жүзінде қалып қоятын, бірақ бастауға қол бармай жүрген қант қызылшасын көптеп өсіріп, өнім алуды айтарлықтай арттыру ісі жолға қойылып келеді. Өз есебінде облыс әкімі агроөнеркәсіп саласы жайлы: «Өткен жылы саланы дамытуға барлық көздерден бөлінген қаржы екі есеге артып, 15,8 миллиард теңгені құрады. Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама тауарлы өндіріске ұсақ өндірушілерді тарту арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 227 миллиард теңгені құрап, 8 пайызға өсті. 2016 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында 24 миллиард теңгені құрайтын 1507, оның ішінде, 160 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Саланың даму үрдісі жаман емес. Соңғы жылдары мал өнімдерінің көлемі артып келеді», – деген болатын. Біз де өңір басшысының бұл сөзін құптап, қуаттаймыз. Сондай-ақ, Кәрім Нәсбекұлының бастамасымен сүт кластерін дамыту бойынша Жуалы ауданында 15 шаруашылықтан құралған «Жуалы-Алатау» ірі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылғанын тағы да мақтанышпен айта кеткім келеді. Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру шаруаларға мемлекеттік субсидия, несиелік ресурстар алуға мол мүмкіндік беретінін облыс әкімі үнемі насихаттап, сол бағытта нәтижелі жұмыстар атқаруда. Жалпы, тыңдалған есепті басшылыққа ала отырып, облыс әкімінің өткен жылы атқарған жұмысына жұрт риза деген пікірдемін. Ал шаруаларға жасап жатқан көп көмегі мен қолдауына, осы бағытта атқарып жатқан жұмысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Керімқұл Бегалиев, «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді